DataLife Engine > Жаңалықтар > Жалпы білім беретін пәндер бойынша РО облыстық кезеңі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша РО облыстық кезеңі

2025 жылдың 6-7 қаңтар күндері 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңі Тараз қаласы Қ.Тұрысыов атындағы №53 мектеп -гимназиясының базасында өтті. Облыстық кезеңіне ауданнан 14 оқушы қатысып,  2 оқушы: М.Жұмабаев  м.л. 10 сынып оқушысы Мырзағалиұлы Шыңғыс (қазақ тілі мен әдебиеті), Т.Рысқұлов т.м. 9 сынып оқушысы Саламат Дінислам (география)       ІІІ орын қола медальді және дипломды иеленді. Терең білімімен ерекшеленгені үшін 3 оқушы: Қ.Рысқұлбеков о.м. 11 сынып оқушылары Дәулет Әсел (физика), Мағзұм Альжана (ағылшын тілі), Т.Рысқұлов т.м. 11 сынып оқушысы Мағауия Арайлым (Қазақстан тарихы)  грамотамен марапатталды.




Вернуться назад