DataLife Engine > Жаңалықтар > "Адал азамат" біртұтас тәрбие баңдарламасы шеңберінде эссе байқауы

"Адал азамат" біртұтас тәрбие баңдарламасы шеңберінде эссе байқауы

Мойынқұм ауданың  білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында  “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде эссе байқауы өткізілді.

         Мақсаты: білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.

         Эссе үш буында, 1-4 сыныптар, 5-9 сыныптар, 10-11 сыныптар аралығында мектепішілік байқау өткізіліп, жеңімпаздар анықталып, аудандық кезеңге қатысты. Байқауда “Таза Қазақстан”, “Заң және тәртіп”, “Адал азамат” тақырыптары қозғалды. Әр  буыннан 3 үздік жұмыс  анықталып,  облысқа жолданды.

        11- сыныптан -  Шыңанақ орта мектебінің  оқушысы Кеңесбай Аяулым,  9- сыныптан  Жамбыл мектеп гимназиясынан   Марат Әрсен, 4 сыныптан –  Т.Рысқұлов тірек мектебінен  Әшімхан Айсұлтан Тұрсынбек  1-орындарды иеленді. Оқушылар өз жұмыстарында Адал азамат болудың шарттары, оның  қоғамға тигізер әсері туралы, заң мен тәртіп ұғымдарын жан-жақты талдап, қоғамдық тәртіпті орнатуға қандай үлес қоса алатындықтары туралы және  адал азамат болудың шарттары, оның қоғамға тигізер әсері туралы ой қозғап, пікір білдірді.

https://www.instagram.com/p/DJ3QkudI7VF/?igsh=MWNzbWU1cTE1Y29w  

https://www.instagram.com/p/DJ3Ser3Mti5/?igsh=Mm83OHJlbDRzMWRz

https://www.instagram.com/p/DJ3QgY9MWkg/?igsh=MTZwMnZ4NXU0NHgwag==

 

 

 

 

 

 

 




Вернуться назад