"Жомарт түлек -2021" аудандық форумы
Мойынқұм аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың мамыр 26 жұлдызында «Жомарт түлек – 2021» аудандық форумы өткізілді. Форумға 16 мектептен онлайн және офлайн форматта 102 түлек қатысты.
Форумның басты мақсат –түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген ауданымызға белгілі түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, түлектерді туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру.
Вернуться назад