Ата аналарға арналған кеңес беру
Ата аналарға арналған кеңес беру орталығы
Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, яғни ынтымақтаста болуы маңызды. Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық — орнату , ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында, бала-бақшаға бармайтын балалар және олардың ата-аналарына тегін кеңес беретін Мойынқұм ауданы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай балабақшасында", «Ақбөпе» бөбекжай балабақшасында",«Құлыншақ» бөбекжай балабақшасында", 2023 жылдың қазан айынан ата аналарға арналған кеңес беру орталығы ұйымдастырылды.
Кеңес беру орталық қызметін мамандар тарапынан интеграциялау барысында сараптама жасалып меңгеруші, әдіскер, медбике,педагог мамандар және тәлімгер тәрбиешілер тартылып міндеттері белгіленді. Кеңес беру орталығының жұмысы — педагогикалық, медициналық сауықтыру, психологиялық педагогикалық бағыттарын қамтиды.
Вернуться назад