DataLife Engine > Жаңалықтар > Ауыл олимпиадасының облыстық кезеңі

Ауыл олимпиадасының облыстық кезеңі

Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңінің І, ІІ туры Шу ауданы, Әл-Фараби атындағы орта мектебінің базасында өтті. Мойынқұм ауданынан 31 оқушы облыстық кезеңге жолдама алған  болатын, бірақ 4 оқушы қатыса алмады (себептермен). 27 оқушы қатысты. Олимпиадаға қатысушылар дәстүрлі форматта тапсырмаларды орындады. Ауданымыздың 7 оқушысы  облыстық кезеңнен биология пәнінен 1 оқушы- ІІІ орын, Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орын- 2 оқушы, қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәнінен 1 оқушы - ІІ орын, 1 оқушы - грамота, ағылшын тілі пәнінен  1 оқушы -ІІІ орын, математика пәнінен 1 оқушы  грамотаға ие болды.




Вернуться назад