Аудандық «Үздік қосымша білім беру педагогы» атты байқау
Аудандық «Үздік қосымша білім беру педагогы» атты байқауы
Мойынқұм аудандық білім бөлімі 2022 жылдың 3 ақпан күні қосымша білім беру мекемелерінің педагогтарына арналған аудандық « Үздік қосымша білім беру педагогы» атты байқау Балалар шығармашылық орталығының акт залында өтті. Байқауға аудандағы 5 мекеменің 3 мекемесінің педагогтары қатысты. Байқаудың мақсаты: қосымша білім беру педагогының кәсіби біліктілігін арттыру, жаңашыл педагогтардың озық идеяларын қолдау. Міндеті : аудандағы қосымша білім беру ұйымдарының озық педагогтарын анықтау және қолдау, педагогтардың инновациялық әдіс-тәсілдерін,шығармашылық ізденістерін, кәсіби жетістіктерін және АКТ мен жұмыс жасау құзіреттілігін көрсету . Аудандық байқау білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Байқау 4 кезеңнен тұрады.
1-ші кезең – «Менің педагогикалық сенімім» өзіндік тұсаукесері (презентация)
2-ші кезең – «білім берудегі менің инновациям» (слайд,видео үзінділері арқылы ашық сабағын көрсету)
3-ші кезең – «Өнерлінің өрісі кең» (өзінің кез-келген өнерімен тәнті ету ).
4-ші кезең – «Психологиялық жағдаяттар».
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, осы кезеңдерден өткен «Өнер және қосымша білім беру» педагогы Базарбек Жұлдыз ЖамбылбекқызыІорынды иеленсе, Балалар шығармашылық орталығының педагогы Кенжетай Аяулым ІІ орынға ие болды, ІІІ орын Экология орталығының үйірме жетекшісі Кенжебай Гүлжиhазға берілді.
Аудандық байқаудан І орынды иеленген Өнер мектебінің мұғалімі Базарбек Жұлдыз Жамбылбекқызы Облыстық« Үздік қосымша білім беру педагогы»байқауына қатысуға жолдама алды.
Вернуться назад