Мойынқұм ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің тәрбие әдіскері Г.Райымбекованың ұйымдастыруымен 2025 жылдың 29 қаңтары күні "Тәртіп - тәрбие бастауы" тақырыбында аудандық дөңгелек үстел Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің базасында өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырудағы тәрбиенің рөлін айқындау, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие беру жолдарын талқылау. Дөңгелек үстелге ауылдық округ әкімі А.Исабеков, АІІБ қызметкері Д.Жасұзақов, ауылдық учаскелік полиция қызметкері А.Шакиров, ата аналар ұйымының төрайымы және ДТІЖО, сынып жетекшілер, тәлімгерлер қатысып, тақырып аясында өздерің өзекті ойларымен пікірлерін ортаға салып, нақты өмірлік мысалдар арқылы тәрбиенің тәртіпке ықпалы жөнінде тұжырымдар жасады. Ашық пікір алмасу барысында тәрбиелік жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Іс шара барысында мектептің ДТІЖО орынбасары А.Дайырбекова мектептегі тәрбие жұмысына жалпы таныстырылым көрсетті, С.Тілеубай сынып сағатын өткізді, АПҚО-ң жетекші А.Оспанова мектептегі АПҚО жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Мектеп психологы Я
А.Кенжетай мен әлеуметтік педагог Ж.Ақбергенова "Буллингтің алдын алу үшін мұғалім мен ата-ананың бірлескен әрекеті қалай ұйымдастырылуы керек?"тақырыбында тренинг өткізді.










