2026 жылдың 14 ақпан күні «Ой-сандық» зияткерлік байқауы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі бірлесіп ұйымдастырды.
«Ой-сандық» байқауының негізгі мақсаты мен міндеттері –кіріктірілген тапсырмалар арқылы педагогтердің оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылығы бойынша логикалық ойлау қабілетін арттыру, күрделі тапсырмалардың шешу жолдарын үйрету арқылы қолдау көрсету және ынталандыру.
Zhambyl regionның білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Ой-сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан зияткерлік байқауының облыстық кезеңіне ауданнан 1 команда 10 мұғалім (5 математика және 5 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұ,алімдері) қатысты. Жұптық жарыста біздің ауданнан Сағадин Ерқанат (математика) және Әлкен Құрал (қазақ тілі мен әдебиеті) мұғалімдері ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.












