Биылғы жылы ЕНТ қалай өтеді?
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ЕНТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
Ұлттық бірыңғай тест -талапкерлердің жоғары оқу орындарына түсу және мемлекеттің грантты бөлу үшін жүргізіледі. Бұл 20-шы маусым мен 5-ші шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығындағы пунктте өткізіледі.
Түлектер мен талапкерлер тестілеуге testcenter.kz сайтында дайындала алады.
ЕНТ өткізу тәртібі
Былтырдан бері ЕНТ өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді. ЕНТ жылына 4 рет өткізіледі, яғни қаңтар, наурыз , тамыз айларында ақылы түрде, маусым айында грантқа ие болу үшін.
ЕНТ келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы 15 және 20 қаңтар аралығында;
2) күнтізбелік жылғы 24 және 29 наурыз аралығында;
3) күнтізбелік жылғы 20 маусым бен 5 шілде аралығында;
4) күнтізбелік жылғы 17 және 20 тамыз аралығында өткізіледі.
ЕНТ тапсыру үшін міндетті пәндер:
1) Оқу сауаттылығы
2) Математикалық сауаттылық
3) Қазақстан тарихы
Бұл үш пән бойынша тест тапсырмалары 20 сұрақтан болады. Екі бейіндік пәннен 30 сұрақтан жалпы 60 сұрақ беріледі. Бейіндік пәннің әр пәні бойынша 20 тапсырма бойынша бес жауап слабовидящихнан бір дұрыс жауапты таңдау, 10 тапсырма бойынша бірнеше жауап слабовидящихнан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау.
Бұл пәндер оқушының таңдаған мамандықтарына байланысты таңдалады
Шығармашылық мамандықтарды таңдағандар ЕНТ-да келесі пәндерді тапсыра алады:
- екі пән (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы);
- бес пән (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және таңдауы бойынша екі пән).
Осы тесттер нәтижесінде оқушы жоғары оқу орнына түсе алады. Ұлттық тесттің жалпы балы 140 балл. Шекті деңгей – 50 балл.ЕНТ-ға 3 сағат 50 минут беріледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Дәуленов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі-ЕНТ) өткізу барысында тестіленушілердің ұялы байланыс құралдарын алып кіруінің кең өріс алуына байланысты және оған тыйым салу мақсатында ЕНТ өткізу пункттерінің ғимаратына кіреберісте металліздегіш құралды қолдану арқылы тестілеуге тыйым салынған заты табылған тестіленушінің ЕНТ-ға кіргізілмейтіндігін және актпен ғимараттан шығарылатындығын қатаң ескертті.
Сонымен қатар биылғы ЕНТ-де комиссия құрамына арнаулы мониторингтік топ мүшелері де қатысады.
Қаңтар айында ЕНТ Шу қаласында өтіп, оған аудан бойынша 216 оқушы қатысты.ЕНТ өткізу пункттің ғимаратына кіреберісте металліздегіш құралды қолдану арқылы тестілеуге тыйым салынған заты табылғаны үшін аудан бойынша 3 мектептің оқушысы тестке кіргізілмегені белгілі.Сол себепті мектеп басшылары ЕНТ-ге дайындық сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстар жүргізіп,мектеп бітірушілерді психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев