Qaz | Rýs | Engl
Мойынқұм ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

16:53
"Зерделі" ақыл -ой дамыту мектебінің семинары
19:37
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің ХАТТАМАСЫ 8 сынып
18:58
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің ХАТТАМАСЫ 7сынып
22:54
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің бірінші күнгі ЖМБ жұмыстары
22:18
Аудандық математика пәндерінің мұғалімдеріне арналған семинар
22:11
Республика VI "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
15:44
"Балбөбек " бөбекжай-бақшасының консультатциялық пункт бойынша атқарған жұмыстары
10:00
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 6 сынып пәндерінен ХАТТАМАСЫ
16:15
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 6 сыныптың Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің жұмыстары
13:11
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 6 сынып пәнінің жұмыстары
12:48
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 6 сынып пәнінің жұмыстары
12:31
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 5 сынып пәндерінен ХАТТАМАСЫ
16:49
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің Қазақстан тарихы, Қазақ тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі, қазақ сыныбындағы орыс тілі пәндерінің жұмыстары
15:23
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 5 сынып оқушыларының жұмыстары
17:47
"Отбасы -тәрбие бас, мектеп -тәрбие жаршысы" тақырыбында аудандық семинар
18:21
Аудандық пікірсайыс турнирі
18:31
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
18:58
"Алтын сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
18:50
Ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
18:38
Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі
Көп жаңалықтар
» » Мектептерде қашықтан білім беру қалай жүргізілетін болады?

Мектептерде қашықтан білім беру қалай жүргізілетін болады?

Жаңалықтар
956
2

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Facebook парақшасында жариялаған жазбасына назар аударуларыңызды сұраймыз.

Сілтеме: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=10215823228669910&id=1120704037

«Соңғы уақытта мектептерде оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны туралы көптеген сұрақтар келіп түсуде, өйткені төртінші тоқсанның басталуына небәрі он күн қалды. Адамдардың бойында, әсіресе, осындай қиын кезеңде, жаңа әрі белгісіз нәрсеге деген қорқыныш сезімінің болуы – қалыпты жағдай.

Форс-мажорлық жағдайда білім беру саласында болып жатқан процестер бізге тек пайдасын тигізеді деп сендіргім келеді.

Біз сыни пікірлерді естіп те, көріп те отырмыз. Дегенмен, қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығы түсінгені жөн. Өкінішке орай, басқа таңдау жоқ. Оқу процесі тоқтатылмауы тиіс.

Біз осындай жағдайға тап болған басқа елдердің тәжірибесін алдын ала зерделедік. Іс жүзінде олардың барлығы қашықтан оқу режиміне көшкен: бүкіл әлем бойынша 870 миллионнан астам оқушы осындай форматта білім алуда. Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, біз де уақытша қашықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылдадық.

Бұл қалай болмақ:

Біріншіден. Теледидар арқылы сабақ өткізу. Бұл - тіптен жаңа формат. "Балапан" және "Ел Арна" телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды. Түсірілім жұмыстары басталып кетті. Негізгі пәндер бойынша 2000-нан астам бейнесабақ түсіру қажет. Мен кеше түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатқан студияда болдым. Сценарий жазушылардан, режиссерлер мен педагогтерден тұратын жұмыс тобы әрбір шығарылымды мұқият пысықтауда. Біздің ұстаздар тележүргізуші ретіндегі мүлдем жаңа рөлді меңгеруде. Бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде жазылуда. Бұл оңай іс емес екенін бірден айтқым келеді.

Екіншіден.

Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады. Тиісті келісімге қол жеткіздік. Сондай-ақ, біз интернет-провайдерлерімен осы ресурстарды пайдаланған кезде трафик есептелмейтіндей келісім орнаттық.

Біз қашықтан оқыту жүйесін ұстанған кезде басқа дамыған елдерде де орын алып жатқан кейбір қиындықтар туындауы мүмкін екенін жақсы түсінеміз. Бір отбасында бірнеше оқушы болған жағдайда бір компьютер мен бір смартфонды пайдалану ыңғайсыз болуы немесе қажетті техниканың мүлдем болмауы да мүмкін. Кейбіреулерде интернет байланысы да жоқ.

Президент қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Бұл мәселелер қазір ерекше бақылауда. Әкімдіктермен бірлесе отырып, мектептегі компьютерлерді оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға беру, тіпті, қажет болған жағдайда, мектептерге қосымша техника (планшеттер немесе компьютерлер) сатып алып, оларды да уақытша пайдалануға беру мәселелерін қарастырудамыз. Кейбір өңірлер бұл жұмысты бастап кетті.

Эпидемиологиялық ахуалға қарай, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан шағын жинақты мектептерде (80-ге жуық бала оқитын) оқытуды дәстүрлі форматта жалғастыру мүмкіндігін қарастырудамыз, тағы бір мәрте атап айтамын – тек қарастырудамыз. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, бұл мәселе каникул аяқталғанша шешіледі. Ал әзірше олар да қашықтан оқытуға белсенді дайындалуда.

Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап ететінін баса айтқым келеді. Бұл – отандық білім беру жүйесі үшін үлкен сын екені рас.

Біз бастапқы кезеңде оқушылардың ата-аналары тарапынан да, педагогтер тарапынан да көп сын айтылатынына дайынбыз және әрқашан ашық диалогқа шақырамыз. Ата-аналар, педагогтер мен оқушылар арасындағы пікірталасты мұқият қадағалап отырамыз және қашықтан оқытудың қол жетімділігін арттыратын тиімді шараларды қабылдауға дайынбыз.

Қандай да бір проблема туындаса, Сіз әрқашан Білім және ғылым министрлігіне хабарласа аласыз. Біз проблемаңызды шешуге көмектесуге тырысамыз.

Бұл ретте ұлағатты ұстаздарымызға алғысымды білдіргім келеді! Қиын кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдер жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруды жалғастыруда. Еліміз мұндай кәсіби деңгейдегі мамандарымен мақтана алады.

Мен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сенемін. #Біргеміз», – деп жазды министр.

 


 

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

2 комментария

Boecdouri 28 мая 2020 09:20
Подходит! Только я сделал именно так - ссылка
WalerNully 18 августа 2020 03:58
Превосходно . Зато нам намного больше импонирует мысль на сайте. Думаю это более продвинутая идея
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: