Qaz | Rýs | Engl
Мойынқұм ауа райыC

Cоңғы жаңалықтар

16:53
"Зерделі" ақыл -ой дамыту мектебінің семинары
19:37
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің ХАТТАМАСЫ 8 сынып
18:58
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің ХАТТАМАСЫ 7сынып
22:54
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің бірінші күнгі ЖМБ жұмыстары
22:18
Аудандық математика пәндерінің мұғалімдеріне арналған семинар
22:11
Республика VI "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
15:44
"Балбөбек " бөбекжай-бақшасының консультатциялық пункт бойынша атқарған жұмыстары
10:00
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 6 сынып пәндерінен ХАТТАМАСЫ
16:15
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 6 сыныптың Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің жұмыстары
13:11
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 6 сынып пәнінің жұмыстары
12:48
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 6 сынып пәнінің жұмыстары
12:31
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 5 сынып пәндерінен ХАТТАМАСЫ
16:49
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің Қазақстан тарихы, Қазақ тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі, қазақ сыныбындағы орыс тілі пәндерінің жұмыстары
15:23
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 5 сынып оқушыларының жұмыстары
17:47
"Отбасы -тәрбие бас, мектеп -тәрбие жаршысы" тақырыбында аудандық семинар
18:21
Аудандық пікірсайыс турнирі
18:31
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
18:58
"Алтын сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
18:50
Ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
18:38
Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі
Көп жаңалықтар
» » Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің «Көгершін» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының өзін-өзі бағалау ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің «Көгершін» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының өзін-өзі бағалау ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жаңалықтар
222
0

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының

білім бөлімінің «Көгершін» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорнының өзін-өзі бағалау

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

 

Мойынқұм ауданы, Ақбақайауылы26 тамыз 2021 жыл

 

Білім беру ұйымытуралыжалпымәліметтер:

1) Мекеменің атауы:Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің «Көгершін» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Пайдалануға берілген жылы:Ақбақай орта мектебінің ыңғайластырылған «А» блогында  орналасқан. Сыйымдылығы 50 орын.

2) Білім беру ұйымының орналасқан жері:Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ақбақай ауылдық округі,Ақбақай ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі №2А.

          3) Заңдытұлғаныңбайланысдеректері: 8726425-08-17, электронды поштасы  kоgershin__bb@mail.ru.

4) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері:Ипбергенова Райхан Алимхановна, 2013 жылғы 06 ақпандағы №23 бұйрықпен тағайындалған.

5) Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары:Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Жамбыл облысы бойынша филиалымен03.02.2021 жылыберілген,БСН-130240030926, алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 26.02.2013 жыл.Жарғы  Мойынқұм ауданы әкімінің 29.01.2020 жылғы  №19 Қаулысымен бекітілген.

6) Рұқсат беру құжаттары:Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2021 жылғы  09 ақпандағы №KZ40RUK00031971хабарлама берілген.

 

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар:

1)Білім беру ұйымының білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына сәйкес «Көгершін» балабақшасында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.

Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.00 сағатқа дейін. Екі топ «Балапан»-кіші  тобы және «Балдырған» ортаңғы  топ.Тәрбиеленушілер мемлекеттік   тілде тәрбиеленуде.

         Педагогикалық ұжым балаларға тәрбие мен білім берудің сапасын көтеру мен жетілдіруге байланысты мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің мемлекеттік білім беру стандартын игеру деңгейі бағдарламалардың барлық тараулары бойынша іске асырылуда.

         2018-2019 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізгі ережелерін бекіту  туралы 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген,ҚР Білім және ғылым минмстірінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығын және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы №615 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларды басшылыққа ала отырып балабақшаның оқу жоспары жасалды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы  №557 бұйрығының 1 қосымшасына «1 жастан6(7) жасқа дейінгі балаларды  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  үлгілік оқу жоспары» және 22.06.2016 жылғы №391 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес «2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жүктеме сағаттарына»сүйене отырып әр топтың оқу жоспары әзірленді.

         2018-2019 оқу жылына арналған жүктеме сағаттары  Білім салалары бойынша «Балапан» кіші тобы: инварианттық бөлімі бойынша 2 жастан3 жасқа дейін «Денсаулық»-108 сағат, «Коммуникация»-36 сағат, «Таным»-72, «Шығармашылық»-108 сағат құрады.

«Балдырған» ортаңғы  топта: инварианттық бөлімінде «Денсаулық»- 108 сағат,«Коммуникация»-90, «Таным»-90,  «Шығармашылық»-126, «Әлеуметтік орта»-18 сағат құрады.Жылдық оқу жүктемесінің сағат саны-432сағат.

Ортаңғы топта орыс тілі-0.5,жаратылыстану -0.5 бірлік қосылды және вариативтік компоненттен ортаңғы топқа 2 сағат қосылған:1сағат «Ойнайық та ойлайық» және 1 сағат «Ертегілер елінде».Жылдық оқу жүктемесі 432 сағат және вариатив компоненттері-72 сағат құрайды.

         2019-2020 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Білім берудегі барлық деңгейінің жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»2018  жылдағы 31 қазандағы №604 бұйрығын,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары»2018 жылдың 30 қазандағы №595 бұйрығын,  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 12 тамыздағы №499 бұйрығын жәнеҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы №615 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларды басшылыққа ала отырып балабақшаның оқу жоспары жасалды.

         «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы  №557 бұйрығының  және 10.10.2018 жылғы №556 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес «2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жүктеме сағаттарына сүйене отырып әр топтың оқу жоспары дайындалды.Барлық жас топтарында Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталған.Үлгілік оқу бағдарлама мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып,оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық»,«Коммуникация»,«Таным», «Шығармашылық», ортаңғы топта «Әлеумет» білім беру салалары негізінде жүзеге асырылды.

Кіші «Балапан» тобының жылдық оқу жүктемесінің сағат саны-324 сағат өзгеріссіз, Ортаңғы «Балдырған» тобының жылдық оқу жүктемесі 432 сағат және вариатив компоненттері-72 сағат құрайды. Вариатив компоненті   1 сағат «Тәрбие тал бесіктен» 1 сағат «Шебер қолдар» тақырыптары бойынша жоспарланды.

         2020-2021 оқу жылында «Көгершін» балабақшасының білім беру процесі  «Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартына»/31қазан 2018 жылғы №604 бұйрығы, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына /ҚРБҒМ 20.12.2012  жылғы №557 бұйрығының  және 15.05.2020 жылдың №195 бұйрығының 1- қосымшасы, «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары»/30.10.2018 жылғы №595 бұйрығы және 12.08.2016 жылғы № 499 бұйрығына сүйене отырып балабақшаның оқу жоспары жасалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы №615 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларды,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Короновирус инфекциясының таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығының 1-қосымшасы,Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 қазандағы   №557 бұйрығының 1-қосымшасына сүйене отырып жас ерекшеліктеріне қарай әр топтың оқу жоспары дайындалды.

«Балапан»кіші тобында жылдық оқу жүктеме сағат саны өзгеріссіз,инвариатив бөлімінде-324 сағат.«Балдырған» ортаңғы топта инвариатив бөлімінде 396 сағат, «Қатынас»білім беру саласында драма 18 сағат алынып тастады,«Сиқырлы сүретші», вариатив компоненті 1 сағат.

Жалпы жылдық оқу жүктемесі  инвариатив бөлімінде-396 сағат,вариатив бөлімінде-36 сағат жоспарланды.

         2021-2022 оқу жылында «Көгершін» балабақшасындаҚазақстан Республикасының білім және ғылым  министрінің «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы

         31 қазандағы №604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы және 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулық хатты басшылыққа ала отырып,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің мектепке дейінгі ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 2018 жылы 30 қазандағы №595,Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің 2016жыл 12-тамыздағы №499 бұйрығын және  «Қазақстан Республикасында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы  №557 бұйрығына сүйене отырып,әр топтың оқу жоспары дайындалды.

           Қазақстан Республикасының Денсаулық министрінің 2017 жылы 17-тамыздағы №615 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдары және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын басшылыққа ала отырып балабақшаның оқу жоспары жасалынды.

Барлық жас топтарында үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталған.Үлгілік бағдарлама мазмұнының іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып,оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары негізінде жүзеге асырылады.

Жылдық жүктеме сағаттары «Балапан» тобында  «Денсаулық» білім беру саласы бойынша 108 сағат. «Қатынас»-36, «Таным»-72, «Шығармашылық»-108,  Барлығы-324 сағат құрайды.

«Балдырған»ортаңғы тобында«Денсаулық» білім беру саласы бойынша -108 сағат. «Қатынас»-72, «Таным»-90, «Шығармашылық»-108, «Әлеумет»-18 сағат.

Жалпы жылдық оқу жүктеме сағат саны-инвариантты бөлімі бойынша -396 сағат,вариатив бөлімі «Өнерлі екен он саусақ»-1 сағат құрады.Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылғаноқу қызметінің жалпы көлемі- кіші топта-9,ортаңғы топта11 сағат,ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы-кіші топ-10-15 минут,ортаңғы топ 15-20 минут құрайды.

 

2)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңүлгілік бағдарламасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру:

-«Көгершін» балабақшасында  мемлекеттік аттестаттау кезінде оқу-әдістемелік жұмыстың нәтижелігін анықтау мақсатында оқу-әдістемелік құжаттарына талдау жасалынды. Әдістемелік жұмыс төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- педагог қызметкерлердің ақпараттық, оқу-әдістемелік және білімдік қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

- педагогикалық процесте оқытудың заманауи құралдарын және ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша кеңес, семинарлар өткізу;

-педагогтардың біліктілігін арттыру (олардың шығармашылық жұмысын, педагогикалық шеберліктерін жетілдіру мен өздігінен білім алуын қамтамасыз ету);

-педагогтардың шығармашылық еңбекке деген құштарлығына арттыруда жағдай туғызу,  педагогтардың сұранысын есепке ала отырып, әдістемелік шаралар өткізу;

- оқу әдістемелік құралдар,жоспарлар, материалдар, топтардағы оқу-тәрбие ісін молайтуға арналған тапсырмалар мен ойын жағдаяттарын жинақтау.

         Мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқытудың мақсаты балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау болып табылады.  Осы міндеттерді орындау мақсатында «Көгершін» балабақшасының педагогикалық ұжымы білім мен тәрбие үрдісінде ұйымдастырудың озық тәжірибелерін пайдалана отырып, баланы жеке тұлға ретінде дамытудың тиімді жолдарын қарастырып, оқу-тәрбие жұмысы Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға  міндетті стандартына;мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  үлгілік жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

         Биылғы2021-2022 оқу жылында  ҚР-сы  Ғылым және Білім министрінің 2016 жылғы 12 тамыз № 499  бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы»  бойынша тақырыптық материалдар топтамасын қолдандық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны - «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделген және оларды әрекет түрлерін ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолымен іске асырылады.

Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылды:    -ойын арқылы оқыту,    -білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу,оқыту,дамыту.

Білім беру мекемесінің өзін-өзі бағалау барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:топтардың жалпы жағдайларын бақылау,күн тәртібінің сақталуы,тәрбиешілермен мамандардың балалармен тәрбие –білім жұмыстарын жүргізу барысында заттық-дамытушы орталықтарын толықтырып,дидактикалық ойындар,картотекалар,мнемотехника жиынтытығы кеңінен қолдануда.

         Балабақшамызда педагогтардың  кәсіби  шеберліктерін шындауға бағытталған іс-шаралар жоспарға сай өткізіліп тұрады/педагогикалық кеңестер,семинарлар,тренингтер,ашық оқу қызметтері. Білім беру ұйымында мамандардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне тәжірибелік қызметке даярлау барысында әдістемелік көмек көрсетіліп тұрады. Мемлекеттік жалпыға  міндетті стандартын басшылыққа алып,әдістемелік іс-шараларды  өткізудің жаңаша жолдарын іздестіруді жалғастырып отырады.

- Биылғы оқу жылында ортаңғы топ тәрбиешілері«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңартылған оқу бағдарламасын,оқыту практикасына өзгерістер енгізу және оларды басқару» жаңартылған оқу бағдарламасының балалардың жеке тұлға болып қалыптасып дамуына жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жетуге болады. Баламен жеке жұмыс жасағанда,баланың неге қызығушылығының бар екенін байқап,одан әрі арттыру үшін тікелей бақылауға аламыз. Ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиеленушілердің үнін тыңдап,ойын түрлерін дұрыс ұйымдастырып,жетелеуші сұрақтарды дұрыс қоя біліп, SMART  мақсатқа жетуге болады.Ойындардың әдіс-тәсілдерін жақсарту үшін тәрбиешілер шығармашылық жұмыстарын мнемокесте технологиясын әрі қарай жаңаландырып, ойын түрлерімен біріктіріп жалпы білім сапасын жоғарлату мақсатында баланың даму құралы ретінде пайдалану керек екенін жоспарлап отырмыз.

         Балабақша өзіндік бағалаудан өткізу барысында нормативті –құқықтық құжаттар, әдістемелік жұмыстардың түрлері, олардың нәтижелілігі сарапталды.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі өзгеріп тұрған әлемге бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасалынған.

         - Бала оқу тәрбие үрдісінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп,заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанукерек.Оның дамып жетілуі,сыртқы ортадан түйсініп,қабылдаған,көріп білгендерін ой елегінен өткізіп,санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың ішкі факторларға айналуымен белгіленеді.Психологиялық қызметтің мақсаты:мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық саулығын қамтасмасыз ету,әрбір баланың жеке басының дамуына толық көмектесу.балабақша психологы Ж.Темиралиева өзінің жұмыс барысында тәрбиеленушілерге «еркін тақырыпта сурет салу» (баланың сурет салу арқылы қиялын дамыту), «Достығымыз жарасқан» (баланың ой-өрісін кеңейту ,бір-бірін сыйлауға ,тыңдауға үйрету) Музыка терапиясы жаттығуы (музыканың мазмұнын тыңдауға үйрету,музыка мен өмірдің байланысын көрсету), тренинг «Жылы жүректен жақсы тілек».балалардың есте сақтау,ойлау,зейін,қиял,қабылдау ерекшеліктерін анықтау дамыту мақсатында ойындар топтамасы жасалып,тәрбиешілермен бірігіп өткізілді. «Суреттің жұбын тап», «Сиқырлы дыбыстар», «Көкөністер» ойындарын орта топ пен кіші топ балалары жақсы қабылдап белсенді қатысты.жыл бойында балалардың әлеуметтік ортасын кеңейту мақсатында «Жанұядағы қарым-қатынас» тақырыбы бойынша топтағы,жанұяда,балабақшаға көзқарасын анықтау жұмыстары суреттер,әңгімелесу арқылы жүргізілді. 2019 жылы қараша айында тәрбиеленушілердің психо-эмоционалдық жағдайды жайландыру,ішкі күйзелісті түсіру,релаксация мақсатында «Таңғажайып көбелектің түсі»ертегі терапия ортаңғы топтәрбиешілерімен бірігіп өткізілді.Осы жылдың желтоқсан айында  «Логика» тапсырмаларының топта масын жасап,оны тәрбиешілермен күн тәртібінде дербес әрекет бөлігінде кірістіру қарастырылды.

        Жаңадан қабылданған балалармен және оның ата-аналарымен бейімделу бойынша жұмыстар жүргізілді.Баламен жеке жұмыстар,ата-аналарға «Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері», «Күн тәртібінің маңызы», «Балабақшадағы бейімделу кезіндегі ата-ананың рөлі» тақырыптарында кеңестер берілді.Өтпелі кезең дағдарысынан оңтайлы өтулеріне жағдай жасап,профилактикалық шаралар өткізіліп тұрды.тәрбиешілер мен жұмысты психологиялық кеңестер ,тренингтер арқылы жүргіздік. «Іскерлік ойын» , «Мен кіммін?» презентациялар, «Сезімді тыңдау»,сауалнамалар, «Адамгершілік иірімдері» психологиялық тренинг өткізіліп,оның нәтижесінде тәрбиешілерді балалармен жұмыс қызықтырады,өзінің атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарайды.Жас мамандарға көмек көрсету және адами көзқарастарын анықтау мақсатында «Мюнстерберг» әдістемесі, «Өз-өзінді білгің келсе», «Кездесу» тренингі өткізіліп,ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру,қарым-қатынас орнату жөнінде мәліметтер берілді.Балабақшаның психологиялық практикалық жұмысында баланың әртүрлі жастағы кезеңіндегі логикалық-психикалық дамуымен әлеуметтік-педагогикалық ситуациялардағы ерекшеліктерін анықтау жұмыстарын жүргізу жалғастырылады.

         - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту,дамыту,тәрбиелеу міндеттерін ескеріп сабақтастықпен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету мақсатында балабақша мен мектеп педагогтар арасында іскерлік ынтымақтастық орнату үшін,балаларды мектепке оқытуға дайындау жылдық жоспарда белгіленген іс-шаралар бойынша жүргізіледі:Мектепке саяхат жасау,мектеп және балабақша педагогтарының өзара сабақтарға,ертеңгіліктерге,спорттық шараларға, «Ашық есік күндеріне» қатысу арқылы,мектеп алды даярлық топ балалармен бірлескен сурет көрмелері,балалардың мектепке дайындығы туралы мониторинг жүргізіледі.

- Мектепке дейінгі баланың ақыл – ой тәрбиесі қазіргі заман талабы және ең өзекті мәселе, ең қажеттісі баланың ақыл ойын дамыту болса, негізгі ақыл үлкендердің, тәрбиешілердің шебер басшылығы, өзіндік талпынысы қажет.Балабақша педагогтары осы мақсатты  негізге ала отырып, бірлесе ашық оқу қызметтерін  ұйымдастырған. Жаңа технологиялардың элементтерін қолдану мақсатында «БТТШ»/ Триз/  «Қызықты математика» кұралдары, ұяшықтарға салынатын пішіндер,кестелер. «Деньеш» технологиясының әлементтерін қолдануға арналған бастыру әдістерінің құралдары/жемістер,жануарлар/ жинақталған.Монтессори технологиясының әлементтерін қолдануда фетрден тігілген құралдар,балалардың саусақтарының,үсақ моторикасын дамыту мақсатында-түймелеу/алма ағашына алмаларды орналастыру,сыдырмақтар және т.б күннің екінші жартысында қолдану ұйымдастырылған. «Тәй-тәй» технология әлементтерін де мүмкіндігінше қолданады,топтастыру әдісі қолдануы- дұрыс жолға қойылып,ортаңғы топ тәрбиешілері ұтымды пайдалануда,тәрбиеленушілердің деңгейлеріне орай тапсырмалар беріліп,топтық ұжымдық жүмыс жасауды қалыптастыруда.2018  оқу жылы Шыналиева М. кіші топ тәрбиешісі «Нан түрлері»тақырыбында «Тәй-тәй» технологиясының әлементтері бойынша ашық оқу қызметін, 2018 жылы  «Триз»: ортаңғы топ тәрбиешісі Сүгір Б. «Еңбек құралдары»2019 жылы «Ертегілер елінде» «Деньеш» технологиясы бойынша,2020 жылы «Көңілді ойындар» «Монтессори» технологиясының элементтерінен ашық оқу қызметін өткізді.2018-2019 оқу жылында Хатибуллаева кіші топ тәрбиешісі «Үй құстары», «Көбелек», «Пішіндер елінде»2019-2020 оқу жылында,2020 жылы «Жәндіктер әлемі» жаңа технология элементтерін пайдалана отырып ашық оқу қызметін өткізді.

«Тазалық сақшысы»О.Жумадилова /2019-2020 о.ж/  «»Адасқан құмырсқа» /2019ж/,«Өсімдіктер» 2020 ж/кіріктірілген ашық көрсетілімдер ұйымдастырылып өткізді.2019ж.«Таза ауа» тәжірибе ретінде өткізілсе,2020 жылы жеке тәрбиеленуші Жақсыбек Жанелмен «Түстерді ажырату» тәжірибе алаңында жұмыс жасап,балалардың танымдық,әлеуметтік  коммуникативтік білім дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізді.

- Тәрбиешілер 2019 жылдан бастап мнемотехника кестелерінің жиынтығын дайындап,осы кестелер арқылы «Қатынас» білім беру саласында-балалардың сөздік қорын молайтуда,сөйлеу  мәнеріне,сөз мағынасын толық түсінуіне және жеткізе білуіне оң әсерін тигізуде.Осы іс – әрекеттер  көбіне бес аймақтарды қамти отырып, балаларды ойлау сапасының тез, шапшаң ойлауы , ойлау кеңдігі, икемді ойлау өз бетімен ойлау сияқты көріністерді қамтуға бағытталып отырады.

2019 жылы балабақшаның жылдық жоспарына «Ойын арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» проблемалық тақырыпты ала отырып, осы оқу жылына жылдық міндеттер қойылды.Қараша айында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың театрландырылған қызметі арқылы сөйлеуін дамыту» тәжірибелік семинар өткізілді. Қаңтар айында ата-аналардың көмегімен «Театр түрлері» байқауы өтті. Жыл бойына ашық көрсетілімдер «Қағаздан әр түрлі ойыншықтар жасау» Орынбасар Жумадилова, «Қуыршақ театры /пайдалануға жарамсыз заттардан ойыншық жасау/»Сүгір Бақыткүл «Сырлы бояу сыр шертеді» ашық байқау өткізілді, дене тәрбиесі нұсқаушысы Жанар Ақбергенова «Сиқырлы қарлар» ашық байқауын ұйымдастырды.

Ортаңғы топ тәрбиешілері Б.Сүгір,О.Жумадилова оқу қызметтеріндегі тақырыптарда ауыз екі талдау жасауды,өзінің пікірін жеткізуге сөз мағынасын толық түсінуіне және жеткізе білуіне тәрбиеленушілермен жеке жұмыс жасауды ұйымдастырып, күннің ІІ-жартысында саусақ жаттығуларын үйретіп,осы жұмыс арқылы ұсақ  моторикасын жетілдіру,сөздік қорын молайтуда жұмыстар атқарылды.

«Таным» білім саласы бойынша балалардың бойына қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға жағдайлар  мүмкіншіліктер жасауды арттыру түрлі сенсорикалық әсерлермен байыту қоршаған  табиғаттың сұлулығын байқауға үйрету, табиғи материалдармен жұмыс жасау бала бойындағы танымдылық  шыңдау жолдарын қарастырдық.

Топ тәрбиешілері әр сала бойынша жұмыста әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,бейнелеу қызметінің дәстүрлі емес әдістері бойынша жүйелі нәтиже қорытындысын шығарды; үлгі ,ауызша нұсқаулық бойынша тапсырмаларды орындай алу қолдың ұсақ моторикасын дамытуда жаңа технологияларының элементтерін пайдаланып,сөздік қорларын молайтуда жаттығулар, мнемокестелер кеңінен қолданылды. Бейнелеу қызметінің дәстүрлі емес әдістеріне тоқталсақ,ортаңғы топ тәрбиешілері «Алақан», «Саусақпен салу әдісі»,»Бастыру», «Құммен салу әдісін» пайдалануды жақсы жолға қойылды.

Балабақшаның негізгі жұмыс бағытының бірі-балалардың денсаулығын сақтау және нығайту. «Денсаулық» білім саласы бойынша сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған.Жүйелі түрде: балалардың ағзаларын шынықтыру ретінде-таңертеңгі жаттығу, серуенде қимылды ойындар,оқу қызметінде-сергіту сәттері өтіледі.Топтағы сауықтыру шараларына да көңіл бөлінеді:күндізгі ұйқыдан кейін тітіркендіргіш кілемшелермен жүру релаксациялар/Хатка иога-ортаңғы топта/,тыныс алу жаттығулары,төсекте жатып орындайтын жаттығулар комплексі ұйымдастырылған.Қимылды ойын кешен(картотека),дидактикалық ойындар кешендері, бес сала бойынша кешендер ,ұйқыдан ояну кешендері, төрт жыл мезгіліне арналған серуен кешендер  топтамасы  күнделікті ұтымды пайдаланылады.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысы Б.Сүгір бұл салада «Спорт-сенің серігің» тақырыптық оқу қызметін өткізіп, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, меңгерулеріне жеңіл әрі тиімді болатын ойындар ұйымдастырып,шынықтырудың түрлі әдістерін пайдаланды.Мысалы: нүктелі массаж,ояну гимнастикасы,релаксация жаттығуларын жасатып балалардың жеке гигиенасын қалыптастыруды назардан тыс қалдырған жоқ.

Балалармен  жеке жұмыс жасалып,оларға еркін қарым–қатынас жасауға мүмкіндіктер тұғызып,күннің барлық сәттерінде тілдегі барлық дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында жаңылтпаштар,жеңіл жатталатын жаттығулар айтқызып,жақсы көрсеткіш көрсетті. Әсіресе  саусақ жаттығуларын үйлеріне айтып барып, тәрбиешілер ата-аналардың ризашылығына бөленді.

         - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға  негізделген  рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойыншаЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар»мақаласындағы бастамаларын қолдай отырып,оның идеяларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары жазылып, қыркүйек айында «Мен өз елімнің патриотымын» ашық  тәрбие сағаты өтіледі, «Рухани адамгершілік құндылықтары» туралы әңгімелер,

«Қазақтың тұрмыс –салт дәстүрлері» тақырыбында бүктемелер, 2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында тәрбиеші Сүгір Б.«Тіл байлығы –тіл мәртебе»тақырыптық оқу қызметін өткізді, 2020 жылы тәрбиеші О.Жумадилова«Адамгершілік рухани тәрбие маңыздылығы» тәрбие сағатын,«Мәдени мұралар арқылы бала бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» тәрбиешілерге кеңес,«Әдептілік,әдемілік»әдістемесі бойынша оқу жылында  «Алтын ақыл», «Тазалық пен ұқыптылық» «Бәрін өзім жасаймын», «Ас үстінде», «Біздің шаңырақ», «Достармен бірге» тақырыптарында әңгіме,тәрбие сағаттары жоспар бойынша  өткізіліп турады.

         Педагогтар төмендегідей мақсатты алға қоя отырып, жұмыс жасайды :

  • Әрбір баланың тұрақты белсенділігін, оның бейімделу мүмкіндігін дамыту үшін оңтайлы денсаулықты жасау ортасы мен денсаулықты сақтауды нығайту .
  • Өзіне және қоршаған адамдарға пайдасын тигізу үшін, мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тарту мақсатында еңбек қызметінің түрлері мен мазмұнын жандандыратын үйлесімді бағытты енгізу.
  • Ата – аналардың балаларға инновациялық көзқарасын қалыптастыру, мектеп жасын дейінгі балалардың іс – әрекеті мазмұнымен түрлерін  меңгеруде үйлесімді бағыт іздеу.

 

Педагогтар аудан көлемінде ұйымдастырылып өткізілетін ашық ұйымдастырылған оқу қызметтеріне, семинарлар, тренингтер, педагогикалық кеңестерге қатысып, өз құзыреттіліктерін көтереді, өзіндік білім көтеру үрдісінде бейімделген бағдарламалар  мен қосымша білім беру бағдарламаларын қолданады.

 

3)МДТО үлгілік оқу бағдарламасына  сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығыннығайтуды қамтамасыз ететін пәндік–кеңістіктік дамытушы орта құру:

Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес балаларды балабақшада тәрбиелеу мен оқытудың психологикалық – педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі кіреді десек , балабақшада осы талаптар  жүйесі  кіреді десек,балабақшада  осы талаптар жүйелі  түрде  орындалған . Топта бес білім беру саласын негізге ала отырып дамытушы орта ұйымдастырылған. Бала өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін  материалдық – техникалық, санитарлық – гигиеналық психологиялық – педагогикалық, эстетикалық жағдайларды  кешенді ұйымдастыру ескерілген.  Пәндік – дамытушы ортада  баланың құрдастарымен , заттық обьектілермен жеке жұмыс , өзара іс – әрекетпен тәжірибе  бөлісуге  жағдай жасалынған.  Балалар ойын жиһаздарымен қамтамасыз етілген: дүкен ,шаштараз, дәріхана , табиғат орталығы, «Қызықты математика»,шығармашылық бұрышы керекті құралдарымен жабдықталған.Тәрбиеленушілер өз қалаулары бойынша боямақ,бастыру трафареттары арқылы жұмыс жасауға жағдайлар жасалған. Жаңа технологиялардың элементтерін қолдану мақсатында «БТТШ»/ Триз/  «Қызықты математика» кұралдары, ұяшықтарға салынатын пішіндер,кестелер, «Деньеш» технологиясының әлементтерін қолдануға арналған бастыру әдістерінің құралдары/жемістер,жануарлар/ жинақталған.Монтессори технологиясының әлементтерін қолдануда фетрден тігілген құралдар,балалардың саусақтарының,үсақ моторикасын дамыту мақсатында-түймелеу/алма ағашына алмаларды орналастыру,сыдырмақтар және т.б күннің екінші жартысында қолдану ұйымдастырылған.

         Педагогтар төмендегідей мақсатты алға қоя отырып, жұмыс жасайды :

  • Әрбір баланың тұрақты белсенділігін, оның бейімделу мүмкіндігін дамыту үшін оңтайлы денсаулықты жасау ортасы мен денсаулықты сақтауды нығайту .
  • Өзіне және қоршаған адамдарға пайдаысн тигізу үшін, мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тарту мақсатында еңбек қызметінің түрлері мен мазмұнын жандандыратын үйлесімді бағытты енгізу.
  • Ата – аналардың балаларға инновациялық көзқарасын қалыптастыру, мектеп жасын дейінгі балалардың іс – әрекеті мазмұнымен түрлерін  меңгеруде үйлесімді бағыт іздеу.

Ойын құралдарына келетін болсақ, топта  денсаулық аймағы бойынша таңертенгілік  жаттығуларға арналған құралдар ( сылдырмақтар, жалаушалар, доптар  т.б) бар. Қимылды ойындар атрибутары және ойындар мазмұндары жазылған жинақтар жасалынған.

         Оқу іс – әрекеттерінде  пайдаланылатын дидактикалық   және үлестірмелі материалдар жеткілікті.

         Балабақшада баланың логикалық дамуына мүмкіндік жасалып, ойын бұрыштарында даму ойындары койылған.

         Балабақшаның алға қойған мақсаттарының бірі бала денсаулығын нығайту болса, сол мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттерді орындауды алға койған:

  • Балалардың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау. Балабақшада оңтайлы қимыл тәртібін ұйымдастыру арқылы дене шынықтыру – сауықтыру жұмысының тиімділігін көтеру.
  • Балалардың сөйлеу тілін дамыту, іс – әрекеттің барлық түрінде байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру арқылы жалғастыру.
  • Шығармашылық іс – әрекетінің қоршаған әлемді эстетикалық түрде қабылдауын дамыту.

Осы  алынған міндеттемелер серуен барысында қимылды ойындар таңертеңгілік  жаттығу, сергіту жаттығулары, дене тәрбиесі оқы іс – әрекеттерінде жүзеге асырылған.

Балалармен осы міндеттерді жүзеге асыруда оқу жылы барысында әр түрлі тақырыптарда дене тәрбиесінің нұсқаушысы  Б.Сүгір «Көңілді доптар»; «Көңілді старт».Ортаңғы топ тәрбиешісі Г.Сариева «Мұражайға саяхат»;  т.б ойын сабақтар, саяхаттар ұйымдастырылып  өткізді.Балабақшадағы психологиялық және эмоционалдық жағдайды жақсарту, денсаулықтарын нығайту мақсатында көптеген жұмыстарды ұйымдастырылады.Мекемедегі тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналдық қызмет көрсету өз деңгейде ұйымдастырылған.

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау жұмыстары жүйелі жүргізіледі,мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің дамуына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.

Балабақшаның оқу–тәрбие жұмыстарын атқаруға қажетті оқу-әдістемелік,материалдық базасы жеткілікті жабдықталған . Білім беру мен тәрбиенің мақсаты өз деңгейінде жүргізіледі.Педагогтар жаңаинновациялық технологиялар арқылы балаларға білім береді.Әкімшілік тарапынан функциялар дұрыс бөлінген, мекемедегі ахуал өте жақсы.

 

4)МЖМБС және МДТО үлгілік оқу  бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың  мазмұнын орындауды  қамтамасыз ететін «Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқыту» мамандағы  бойынша білімі бар педагогтардың болуы:

2018-2019 оқу жылында  «Көгершін» балабақшасы МКҚК-да 7 педагог жұмыс атқарды. 5-у жоғары білімді, 2018 жылы О.Жумадилова және М.Шыналиева ТарМПУ-дың «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» бөлімі бойынша  сырттай жоғары оқуларын тамамдады.2019-2020 оқу жылында  7 педагогтың 4-і жоғары білімді,3-і-арнаулы орта.Декреттік демалысқа кеткен тәрбиеші Шыналиеваның орнына арнаулы орта білімді Ұ.Хатибуллаева жас маман келді.

2020-2021 оқу жылында  7 педагогтың 5-і жоғары білімді.Ортаңғы топ тәрбиешісі Сүгір Бақыткүл «Silkvay» халықаралық университетін сырттай жоғарыоқуын бітірді.

2021-2022 оқу жылында 6 педагогтың  5-і жоғары білімді,1-і арнаулы орта білімі бар.Биылғы жылы тәрбиеші Ұ.Хатибуллаева  Әуезов атындағы университетін сырттай аяқтап,дипломын алды.Ерходжаева Айдан «Алмас» колледжі «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» бөлімінің түлегі жоғары оқуға түсуге ниеттеніп отыр.Биылғы оқу жылында екі тәрбиеші Сүгір Б. және Хатибуллаева Ұ декреттік демалысқа шыққан,орнына жас маман 2017 жыл  Жамбыл гуманитарлық колледжін «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» бөлімі күндізгі бөлімін аяқтаған және  2020 жылы ТМПУ«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» бөлімі бойынша сырттай оқу бітірген Мүтәліп Аялы жастар практикасы бағдарламасы аясында «Көгершін» балабақшасына жіберілді.

Казіргі таңда ауылымыздың жағдайына байланысты,бала саны азаюы орын алып тұр. Балабақшада 30 тәрбиеленуші.Аудандық білім бөліміне  хат жазылып,шешімін күтудеміз.Еңбек kz сайтына тәрбиеші қажеттілігі туралы сұраныс туралы айында берілген,02.07 2021 жылғы №01-1-204 анықтама /жіберілетін маман жоқтығы туралы /берілді.Ендігі мәселе шешілгенше маман іздеуді тоқтатып тұрмын. Казіргі таңда «Көгершін»балабақшасында тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқыту бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын мамандар жұмыс атқаруда.

 

5) Жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру талаптарын орындау:

Балабақшада ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар жоқ.

 

6)Баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын  оқыту нәтижелерінің болуы:

Бақылау парағында алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады.Баланың жеке даму картасы баланың мектепке дейінгі ұйымда барлық уақытына жүргізіліп отырды.Баланың жеке даму картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімін диагностиканың қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен мамандар толтырып отырды.Баланың жеке даму картасының «Қорытынды»бөлімінде диагностиканың әр кезенінен кейін тәрбиешілер баламенжеке түзету жұмысын жүргізіп,   ол үшін педагогикалық процестің міндеттері мен мазмұнын айқындалды.Баланы қолдау,оның білім траекториясын құру немесе оның даму ерекшелігін кәсіби түзету үшін білім беруді даралау,жеке тұлғалық бағыт қағидасын іске асыру,балалар тобымен жұмысты белсендендіру жұмыстары орын алып отырды.Ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің карталарының көшірмесі берілді.

        

7) «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», « Шығармашылық», «Әлеумет»  білім беру салаларына негізделген  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен  іске асыру:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жанатырған мазмұны: ұқсас тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар, апталық циклограмма,балалардың біліктерімен дағдыларының даму деігейін бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады.Білім беру ұйымында білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру үшін АКТ-ны қолдану арқылы көрнекілік,сөздік,практикалық, дәстүрлі әдістер мен тәсілдер кеңінен қолданылады.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп,оларды жан-жақты дамытуға әлеуметтік дағдыларымен өзін-өзі үйрету дағдыларын дамытуға бағытталған  «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеумет» білім беру салалары мазмұнын кіріктіру қамтамасыз етеді.Тәрбиешілер ұқсас тақырыптардытаңдау барысында аймақтық ерекшеліктерді балалардың жастарын,тәрбиешінің тақырыптық бағытын ескере отырып шығармашылық құзіреттілік танытады.Перспективалық жоспарға сәйкес  әрбір аптаға балалардың өтпелі тақырыптарды жан-жақты зерттеуіне бағдарланған, әлеуметтік дағдыларымен өз бетінше үйрету дағдыларын дамытуға бағытталған циклограмма құрылады.Циклограммада Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,әрбір күн тәртібі сәтінің міндеттері,мазмұны және ұзақтығы  анықталады.Балалардың өз бетінше шешім қабылдау үшін жағдайлар жасау,балаларға ойлануға,зерттеуге,белгілерді санауға және оларға бағдарлануға мүмкіндік беріледі.Серуенді,таңертеңгі гимнастика,ойындарды (дамытушы,сюжеттік-рөлдік,қимылды және т.б.) ұйымдастыру үшін картотекаларды қолдану арқылы  жоспарлайды.Балабақша әдіскері  тәрбиешілердің циклограмманы  уақытылы құрастыруын бақылауды тиісті ұсыныстар мен ескертулер  тексере отырып жүзеге асырылады.Педагогтар бала дамуын үнемі бақылауы арқылы оның жетістіктерінің деңгейін мониторинг арқылы жүзеге асырады.Мониторинг нәтижелері   бақылау парағында толтырылады.Алынған мәліметтер негізінде баланың жеке даму картасы толтырылады.Педагогтар мен мамандар баланы одан әрі дамыту іс-шараларын саралап толтырады.

Тәрбиеленушілерді дамыту үшін ұйымдастырылған оқу қызметінде саралау әдістері,бақылау түрлері,кері байланыс,рефлексия орнату үшін, ашық-жабық сұрақтар,ойын түрлерінің әдіс-тәсілдері тиімді болады және оны жүзеге асыру мақсатында бір аптаға жоспарланған циклограмманы басшылыққа аламыз. Тәжірибенің ұтымды жақтары ең басты баланы танып дамытуға,алдына нақты мақсат қойып,ойын түрлерін қолданғанда ғана жүзеге  асырылатынына көзіміз жетті.

        

 

 

8)Тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің болуы:

Педагогикалық талдау білім беру бағдарламасының мазмұны бойынша балалардың құзыреттілік  дамуының диагностикасы қорытынды жасауға мүкіндік береді.    Әр баланың  бағдарламалық  материалды игеру деңгейі бақыланады.Педагогтар мен педагог – психолог жеке баланың даму мониторингін жүргізеді. Диагностиканы жүргізгенде сауалнама тапсырмалары, дидактикалық, сюжетті – рөлдік ойындар, ойын жағдайлар қолданылып, міндетті түрде көрнекі материалдар таратылады. Әдіскер О.Жумадилова біліктілікті игеру мониторингіні құрастырады, олар әдістемелік кеңесте талдаңды, құзыреттілік дамудың даму динамикасы, төмендеу себебі, жекелеген коррекция бойынша ұсыныстар анықталды. Диагностиканың қорытындыларымен  ата – аналар, педагогтар таныстырылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына жүргізілген  2018-2019 оқу жылында, 2019-2020 оқу жылында, 2020-2021 оқу жылында және 2021-2022 оқу жылдарындағы мониторингі бойыншаСАЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ:

Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдылардың маңызы зор. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге педагог тарапынан  қамқорлықпен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға,мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторинг нәтижелерін алуда-балаларды бақылау,әңгімелесу,бала әрекетінің өнімдерін талдау,диагностика жағдаяттар арқылы жасалды.

2018-2019  оқу жылында «Балапан» кіші жас тобының  бақылау жиынтығы:

ала саны

Кезеңдері

Денсаулық

Коммуникация

Шығармашылық

Таным

 

Ортақ көрсеткіш

 

16

Бастапқы

43,7 %

49,9%

49,9%

43,7%

46,8%

 

17

Аралық

52,9%

52,9%

58,7%

58,7%

 55,8%

 

20

Қорытынды

 65%

60%

60%

65%

62.5%

 

 

 

 

 

«Балдырған» ортаңғы тобының бақылау жиынтығы туралы мәлімет

 

Бала саны

Кезеңдері

Денсаулық

Коммуникация

Шығармашылық

Таным

 

Әлеумет

Ортақ көрсеткіш

 

22

Бастапқы

59%

54,5%

63.5%

59%

63.5%

59.9%

22

Аралық

63.5%

63.5%

68.1%

72.7%

72.6%

 68.8%

22

Қорытынды

72.6%

68.1%

72.6%

76.3%

81.7

74.2%

 

2018-2019  оқу жылында кіші топта 20 тәрбиеленуші бастапқы бақылауда қатысқаны 16; 4 бала  қыркүйектің 11-нен қабылданған,қорытынды бақылау жиынтығына 20 бала толық қатысты.2018-2019  оқу жылында «Балапан» кіші жас тобының  «Денсаулық» білім саласы  бойынша бастапқы бақылау жиынтығы  43.7%; аралық бақылаужиынтығы бойынша 52.9; қорытындыда- 65% құрады.

«Балдырған»  ортаңғы жас тобында 22 тәрбиеленуші,  бастапқы бақылау жиынтығы 59%; аралық  63.5%; қорытынды 72.6% құрады.Денсаулық сақтау технологиясын пайдалана отырып  балалардың қимылдық белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларының қызығушылығын қалыптастыру болғандықтан әр кезеңде өсу деңгейі байқалады.Бұл оқу жылындағы міндеттердің бірі: балалардың қозғалыс қызметіндегі қызығушылықтарынспорттық-сауықтыру  белсенділіктерін қалыптастыру болғандықтан дене тәрбиесі нұсқаушысы Ж.Ақбергенова осы бағытта атқарған жұмыстары оң нәтиже берді.

       «Коммуникация» білім  саласы бойынша оқу қызметі барысында күннің барлық мезгілінде сөйлеудің дыбыстың мәдениетін қалыптастыра отырып,тілдегі  дыбыстарды дұрыс айта білуін жетілдіруде, тәрбиеленушілердің сөздік қорын,сөз мағынасын толық түсінуі және жеткізе білуіне ықпал етеміз. «Балапан» кіші жас тобының «Коммуникация» білім саласы бойынша  көрсеткіші: бастапқы жиынтық  49.9%; аралық бақылауда  52.9% қорытындыда  60% құрады.            

«Балдырған»  ортаңғы жас тобының көрсеткіші: бастапқы бақылау жиынтығы 54.5%;  аралық -63.5%; қорытынды 68.1% құрады.Бұл сала бойынша да өсу деңгейі байқалады.Бұл оқу жылында балабақшаның жылдық жоспарына «Ойын арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» проблемалық тақырыпты ала отырып, осы оқу жылына жылдық міндеттер қойылды.Қараша айында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың театрландырылған қызметі арқылы сөйлеуін дамыту» тәжірибелік семинар өткізілді. Қаңтар айында ата-аналардың көмегімен «Театр түрлері» байқауы өтті. Жыл бойына ашық көрсетілімдер «Қағаздан әр түрлі ойыншықтар жасау» Орынбасар Жумадилова, «Қуыршақ театры /пайдалануға жарамсыз заттардан ойыншық жасау/»Сүгір Бақыткүл «Сырлы бояу сыр шертеді» ашық байқау өткізілді, дене тәрбиесі нұсқаушысы Жанар Ақбергенова «Сиқырлы қарлар» ашық байқауын ұйымдастырды.

Ортаңғы топ тәрбиешілері Б.Сүгір,О.Жумадилова оқу қызметтеріндегі тақырыптарда ауыз екі талдау жасауды,өзінің пікірін жеткізуге сөз мағынасын толықтүсінуіне және жеткізе білуіне тәрбиеленушілермен жеке жұмыс жасауды ұйымдастырып, күннің ІІ-жартысында саусақ жаттығуларын үйретіп,осы жұмыс арқылы ұсақ  моторикасын жетілдіру,сөздік қорын молайтуда жұмыстар атқарылды.

         «Таным» білім саласы бойынша балалардың бойына қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға жағдайлар  мүмкіншіліктер жасауды арттыру түрлі сенсорикалық әсерлермен байыту қоршаған  табиғаттың сұлулығын байқауға үйрету, табиғи материалдармен жұмыс жасау бала бойындағы танымдылық  шыңдау жолдары қарастырған.«Балапан» кіші жас тобының  «Таным» білім саласы бойынша көрсеткіші:  бастапқы- 43.7%, аралық 58.7%; қорытынды-65% құрады.

        «Балдырған» ортаңғы жас тобының көрсеткіші; бастапқы бақылау жиынтығы-59% ; аралық-72.7%; қорытынды-76.3% құрады.Бұл білім саласы бойынша ортаңғы топ тәрбиешілері «Деньеш», «Триз» технологиясының элементтерін пайдаланып, геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейтіп дидактикалық ойындарын кеңінен қолданды.«Шығармашылық» білім саласы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық деңгейін дамыту жолдарының әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылды. «Шығармашылық» білім саласы бойынша барлық базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылды.

«Балапан» кіші жас тобының «Шығармашылық» білім саласы бойынша         көрсеткіші; бастапқы  бақылау жиынтығы- 49.9%; аралық-58.7%;  қорытынды-60% құрады.

«Балдырған»  ортаңғы жас тобының  көрсеткіші; бастапқы бақылау жиынтығы-63.5%; аралық-68.1%; қорытынды-72.6%. Ортаңғы топ тәрбиеші  О.Жумадилова дәстүрден тыс сүрет салу техникасын меңгерту барысында тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын арттыру мақсатында: «БТТШ»/ТРИЗ/ технологиясын, оның ішінде дәстүрден тыс сүрет салу әдістерін «Саусак әдісі», «Алақан әдісі», «Бастыру әдісі» кеңінен пайдаланып осы саладағы жұмыстары жақсы нәтиже берді.

        «Әлеумет» білім беру саласы бойынша  «Балдырған»  ортаңғы жас тобының ортақ есеп көрсеткіші бастапқы бақылау жиынтығы-63.5%; аралық-72.6%; қорытынды-81.7 % құрады. «Әлеумет» білім беру саласы бойынша баланың өз айналасындағылармен еркін қарым-қатынас жасауларына жағдайлар жасалып,  жеке мінез-құлықтарының жүйелі түрде қалыптасуына біршама жұмыстар атқарылды.Балалардың жан-жақты сауаттылығын қамтамасыз ету үшін: тренингтер,релаксациялар,қиял жаттығулары,тілек шоқтары,қарым-қатынас барысында мейлінше қарапайым болу ерекшеліктерін қалыптастыру орын алды.

2018-2019  оқу жылында «Балапан» кіші жас тобының  бастапқы бақылау жиынтығының ортақ есеп көрсеткіші -46.8%; аралық жиынтығының ортақ көрсеткіші- 55.8%; қорытынды -62.5% құрады.Бұл көрсеткіш өсу деңгейін байқатып, педагогтардың жұмысы нәтижелі деп санаймыз.«Балдырған» ортаңғы тобының бастапқы бақылау жиынтығының ортақ есеп көрсеткіші: 59.9%; аралық – 68.8%; қорытынды-74.2%құрады.

Ортаңғы топтың бақылау жиынтығының жақсы нәтижесі-тәжірибелі тәрбиешілерінің  ерінбей еңбек етіп, балалармен де ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орнатып,тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын арттыруда аянбай жұмыс атқарды.

       Бұл оқу жылындағы  ортаңғы топ тәрбиеленушілері қазіргі уақытта жақсы жетістіктермен  мектеп қабырғасында белсенділік танытып  жүр.2019-2020  оқу жылында «Балапан» кіші жас тобының  бақылау жиынтығы:

 

Бала саны

Кезеңдері

Денсаулық

Коммуникация

Шығармашылық

Таным

 

Ортақ көрсеткіш

 

12

Бастапқы

41%

50%

58.3%

50%

49.8%

12

Аралық

50%

58.3%

58.3%

50%

 54.1%

 

Қорытынды

карантин

     %

%

%

%

 

             «Балдырған» ортаңғы тобының бақылау жиынтығы туралы мәлімет

 

Бала саны

Кезеңдері

Денсаулық

Коммуникация

Шығармашылық

Таным

 

Әлеумет

Ортақ көрсеткіш

 

16

Бастапқы

62,5%

56,2%

56,2%

50%

62,5%

57,5%

16

Аралық

87,5%

68,7%

81,2%

74,9%

81,2%

 78,6%

 

Қорытынды

карантин

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылында  «Балапан» кіші жас тобында бастапқы және аралық бақылауға 15 тәрбиеленушіден 3 бала -2 жасқа толмаған,қатысқаны 12 бала.

«Балдырған»  ортаңғы жас тобының  18 баладан бастапқы  бақылау жиынтыққа 16 бала қатысты, екі бала Медетбек Сейдахмет,Медетбек Жанерке өтініште/сұранып кеткен.Аралық бақылау жиынтыққа Қамза Нұрсейіт пен Қуанышбай Аслан /бір отбасынан/отбасы жағдайларына байланысты өтініш бойынша қатысқан жоқ.

2019-2020 оқу жылында  инновациялық әдістер мен  технологиялардың элементтерін мүмкіндігінше пайдаланып,тәрбиеленушілердің логикалық ойларын дамыту/мнемокесте  арқылы әңгіме құрауға дағдыландыру / шығармашылық дағдыларын,эстетикалық талғамдарын дамытып,қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.Кіші топ тәрбиешілері А.Ерходжаева,Ұ.Хатибуллаева балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Монтессори технологиясының және «Тәй-тәй «технологиясының элементтерін мүмкіндігінше қолданды.

         Ортаңғы топ тәрбиешілері О.Жумадилова және Сүгір Б. «БТТШ»/ТРИЗ/технологиясының элементтерін пайдалануды бұл жылда да жалғастырды.Ашық көрсетілімдерде топтастыру әдісін пайдалана отырып,орталықтарға бөліп, балалардың өздері орындай алатын тапсырмалар беру арқылы дамыта оқытудың нәтижелі болуына жаңаша қарым-қатынас орната білді.  2019-2020 оқу жылының  «Балапан»кіші жас тобының бастапқы бақылау жиынтығы бойынша көрсеткіші: «Денсаулық» білім саласы бойынша бастапқы бақылау-41 %   аралық-50%,қорытынды- карантинге байланысты топтар жабылды.«Коммуникация» білім саласы: бастапқы бақылау жиынтығы-50%,аралық-58.3%;«Таным» бастапқы-50%,аралық -50%, «Шығармашылық»-бастапқы 58.3%,аралық -58.3%. Кіші жас тобында екі тәрбиеші де жас маман.Жұмыстың қыр сырын жаңадан меңгеріп, оқу қызметіне арналған дидактикалық құралдарды көбейтіп,әр сала бойынша картотекаларын жинақтап тәлімгерлердің,басқа педагогтардың көмегімен мақсатты және жүйелі жұмыс нәтижесін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде пайдалана білді.Тәлімгерлер жас мамандармен жоспар бойынша жұмыс жүргізіп,кеңестер беріп,ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысып,құжаттармен жұмыс жасау жүргізді.

Қорытынды болған жоқ, жұмыс 2020 жылдың тамыз айының 20-нан басталды.    «Балдырған»  ортаңғы жас тобында : бастапқы бақылау жиынтығы «Денсаулық»білім саласы-62.5%, аралық-87.5%;«Қатынас» білім саласы: бастапқы-52.6%,аралық-68.7%;

«Таным»: бастапқы-50%,аралық-74.9%«Шығармашылық»:бастапқы-56.2%,-аралық-81.2%«Әлеуметтік орта»:бастапқы-62.5%,аралық-81.2% құрады.2019-2020  оқу жылында «Балапан» кіші жас тобының  бастапқы бақылау жиынтығының ортақ есеп көрсеткіші-49.8%,аралық бақылау жиынтығының  ортақ көрсеткіші-54.1;

«Балдырған»  ортаңғы жас тобының  бастапқы бақылау жиынтығының ортақ көрсеткіші-57.5,аралық бақылау жиынтығының ортақ көрсеткіші-78.6. Топ тәрбиешілері әр сала бойынша жұмыста әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,бейнелеу қызметінің дәстүрлі емес әдістері бойынша жүйелі нәтиже қорытындысын шығарды; үлгі ,ауызша нұсқаулық бойынша тапсырмаларды орындай алу қолдың ұсақ моторикасын дамытуда жаңа технологияларының элементтерін пайдаланып,сөздік қорларын молайтуда жаттығулар, мнемокестелер кеңінен қолданылды.

 

 

 

 

 

 

2020-2021  оқу жылында «Балапан» кіші жас тобының  бақылау жиынтығы

Бала саны

Кезеңдері

Денсаулық

Қатынас

Шығармашылық

Таным

 

Ортақ көрсеткіш

 

 

12

Бастапқы

50%

41.6%

41.6%

41.6%

43.7%

 

12

Аралық

58.3%

50%

58.3%

50%

54.1

 

14

Қорытынды

57%

57%

64.2%

57%

58.8%

 

 

«Балдырған» ортаңғы тобының бақылау жиынтығы туралы мәлімет

Бала саны

Кезеңдері

Денсаулық

Қатынас

Шығармашылық

Таным

 

Әлеумет

Ортақ көрсеткіш

 

12

Бастапқы

58.3%

50%

49.9%

50%

58.3%

53.3%

12

Аралық

66.6%

58.3%

58.3%

58.3%

66.6%

61.6%

14

Қорытынды

64.2%

64.2%

64.2%

66.6%

71.4%

66.1%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балабақшаның негізгі жұмыс бағытының бірі-балалардың денсаулығын сақтау және нығайту. «Денсаулық» білім саласы бойынша сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған.Жүйелі түрде: балалардың ағзаларын шынықтыру ретінде-таңертеңгі жаттығу, серуенде қимылды ойындар,оқу қызметінде-сергіту сәттері өтіледі.Топтағы сауықтыру шараларына да көңіл бөлінеді:күндізгі ұйқыдан кейін тітіркендіргіш кілемшелермен жүру релаксациялар/Хатка иога-ортаңғы топта/,тыныс алу жаттығулары,төсекте жатып орындайтын жаттығулар комплексі ұйымдастырылған.2020-2021 оқу жылында«Балапан» кіші жас тобының  көрсеткіші: «Денсаулық» білім саласы-бақылау жиынтығы-50%,аралық-58.3%,қорытынды-57% құрады. «Балдырған» ортаңғы тобының көрсеткіші: бақылау жиынтығы-58.3%,аралық-66.6%, қорытынды-64.2% құрады.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысы Б.Сүгір бұл салада «Спорт-сенің серігің» тақырыптық оқу қызметін өткізіп, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, меңгерулеріне жеңіл әрі тиімді болатын ойындар ұйымдастырып,шынықтырудың түрлі әдістерін пайдаланды.Мысалы: нүктелі массаж,ояну гимнастикасы,релаксация жаттығуларын жасатып балалардың жеке гигиенасын қалыптастыруды назардан тыс қалдырған жоқ. «Балапан» кіші жас тобының  «Қатынас» білім саласы бойынша бастапқы бақылау жиынтығы-41.6%,аралық-50%,қорытынды-57%құрады.«Балдырған» ортаңғы тобының  көрсеткіші: бақылау жиынтығы-50%,аралық-58.3%,қорытынды-64.2% құрады.Ортаңғы топтың  осы сала бойынша бастапқы көрсеткіші төмен нәтиже көрсетіп тұр.Бұл кіші топтан ауысып келген тәрбиеленушілердің бейімделуі әсер етті деп ойлаймыз.Балалармен  жеке жұмыс жасалып,оларға еркін қарым –қатынас жасауға мүмкіндіктер тұғызып,күннің барлық сәттерінде тілдегі барлық дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында жаңылтпаштар,жеңіл жатталатын жаттығулар айтқызып,жақсы көрсеткіш көрсетті. Әсіресе  саусақ жаттығуларын үйлеріне айтып барып, тәрбиешілер ата-аналардың ризашылығына бөленді.

2020-2021  оқу жылында «Балапан» кіші жас тобының «Таным» білім саласы бойынша бастапқы  бақылау жиынтығы-41.6%,аралық-50%,қорытынды-57% құрады.

«Балдырған» ортаңғы тобының көрсеткіші: бақылау жиынтығы-50%,аралық-58.3%,қорытынды-66.6% құрады. «Таным» білім саласы бойынша бала бойындағы танымдылық шындау жолдарын қарастырып,таным қызметінің дағдыларын жақсартуда –балалардың зейінін,жадын,қабылдауын,көлемді,үлкендікті,түсті ажырата білуде  ашық оқу қызметі өтіліп,балабақша әдіскері О.Жумадилова педагогтар арасында «Оқу процесінде жаңа технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында семинар-практикум өткізіліп,кеңестер берілді.

2020-2021  оқу жылында «Балапан» кіші жас тобының  «Шығармашылық»  білім беру саласы бойынша: бастапқы -41.6%,аралық-58.3%,қорытынды-64.2% құрады.

Кіші топта балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,қатысқан балалар үздіксіз,айналмалы сызықтар жүргізуді үйреніп,қағаз бетіне штрихтар,сызықтар салады,қағаз бетін бағдарлауды игерген.Ермексазды алақан арасына салып илей алады,біріктіру әдістерін меңгерген, бірақ әлі де жеке жұмыс қажет ететін қимылы,қабылдауы  төмен  балалар бар.Жапсыруда түрлі пішіндегі заттарды біріктіру арқылы фланелеграфқа орналастыра алады,дайын сұлбаға жетпеген элементін қосады,бастапқы техникалық дағдыларды біледі,бірақ толықтай қолдана алмайтын балалар бар.Музыкада таныс әндерге қосылады,ересекпен бірге ән айтуға ынта білдіреді, музыка аспаптарын домбыраны,барабанды барлығы атайды,сылдырмақ 2 бала айтты. «Балдырған» ортаңғы тобының  көрсеткіші- бастапқы-49.9%,аралық-58.3%,қорытынды-64.2% құрады

«Шығармашылық» білім саласы бойынша балалардың эстетикалық талғамын,шығармашылық қабілеттерін,қиялдауын,қоршаған ортаны бақылауын,бейнені қабылдауын қалыптастыруда біраз жұмыстар атқарылды. «Шығармашылық» білім саласы бойынша тәрбиешілер тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын арттыруда,орындалған жұмыстары туралы әсерлерін бөлісуді қалыптастырған.Сурет салуда заттарды үлгі бойынша пішінін,түсін ескере отырып сала алады,сурет салу техникасын меңгерген,мазмұнды композицияның бейнесін салуда қиыншылықтар тұдырады,қазақ ою элементтерін тәрбиешінің көмегімен ғана салады.Мүсіндеуде жануарлардың мүсінін жасаудың тәсілдерін қолдана алады,мазмұндық композиция жасауда тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.Ұжымдық жұмысқа барлығы қызығушылықпен қатысады.

Жапсыруда бірнеше заттарды орналастыра және желімдей алады.Пішіндерден өрнектер жасайды,кезектестіріп ретімен желімдегенде тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.Сәндік композицияларды өз ойынша орындауда қиындықтар тұдырады және көмек қажет етеді.Музыка оқу қызметінде барлық сатыларды орындайды,ән айта алады,ырғақпен қимылдарды сәйкестендіреді. «Балдырған» ортаңғы тобының  «Әлеуметтік орта» бойынша  көрсеткіші:       бастапқы-58.3%,аралық-66.6,қорытынды-71.4% құрады. Тәрбиеленушілер ересектердің еңбектерін бағалауға, әр түрлі мамандық туралы ұғымдарын кеңейту,еліміздің жетістіктеріне мақтанышпен қарау,топтағы құрдастарымен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.Отбасындағы ересек мүшелерінің еңбегі туралы біледі,қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық танытады,жануарлардың табиғаттағы тіршілік етуі туралы түсініктері қалыптасқан.  2020-2021  оқу жылында«Балапан» кіші жас тобының  ортақ көрсеткіші:бастапқы бақылау жиынтығы бойынша-43.7%,аралық-54.1%,қорытынды-58.8% құрады.«Балдырған» ортаңғы тобының  ортақ есеп көрсеткіші:бастапқы-53.3%,аралық-61.6%,қорытынды-66.1%.

         2020 жылдың  екінші жарты жылдығында балабақша әдіскері және ортаңғы топ тәрбиешісі Орынбасар Жумадилова онлайн түрде курс өтіп, мектепкі дейінгі ұйым педагогтарының біліктілігін арттыру, білім беру бағдарламасы бойынша 235 академиалық сағат көлемінде  оқу курсын аяқтады.  Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 1 айлық перспективалық жоспарды және циклограманы SMART мақсатқа айналдырып жазды ,ортаңғы топ тәрбиленушісі 5 жастағы Жақсыбек  Жанелдің күз мезгіліндегі жапырақтарға қызығушылығық танытты  «Жапырақтар неге сарғаяды?» тақырыбында танымдық оқиға жазды. Айлық перспективалық жоспарда ұйымдастырылған оқу қызметінде  ойын тәсілінде өткізілетін педагог жетекшілігімен  жүргізілетін құрылымдалған ойын және еркін ойындармен өткізілуі жоспарланды. 2021-2022 оқу жылында ортаңғы топтың перспективалық жоспары осы бағытта құрылып,циклограммада да осы бағытта жазылады. 

          2021-2022  оқу жылында «Балапан» кіші жас тобының  бақылау жиынтығы:

                                                          Қыркүйек

 

Бала саны

Кезеңдері

Денсаулық

Қатынас

Шығармашылық

Таным

 

Ортақ көрсеткіш

 

 

14

Бастапқы

42,8%

35.6%

42.8%

35.6%

39.2%

 

 

Аралық

%

%

%

%

 

 

 

Қорытынды

%

%

%

%

%

 

 

 

«Балдырған» ортаңғы тобының бақылау жиынтығы туралы мәлімет

 

Қыркүйек

 

Бала саны

Кезеңдері

Денсаулық

Қатынас

Шығармашылық

Таным

 

Әлеумет

Ортақ көрсеткіш

 

15

Бастапқы

73,3%

59,9%

59,9%

59,9%

66,6%

63,9%

 

Аралық

%

%

%

%

%

%

 

Қорытынды

%

%

%

%

%

%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Балабақша меңгерушісі мен әдіскердің қатысуымен жүргізілген бақылау жиынтығы «Балапан» кіші жас тобында «Қатынас» білім саласы бойынша  балалардың бақылау  жиынтығы 35.6 көрсетіп тұр,бұның себебі балалардың жас айырмашылықтары және ерекшеліктері,темпераменттері бойынша әр түрлі мінез құлықта.Жақсыбек Айя,Қайрат Сүлейман,Оспан Асылым,Қанағат Ибрахим,Берік Нұрислам өте баяу,сөздік қорлары жетілмеген,түсінеді,бірақ қолдана алмайды,айтқанды қайталайды,өздігінше жауап берулері қиын.Тәрбиешілерге жеке жұмыс жасау ұсынылды және ата-аналармен  тығыз қарым-қатынас жасау ұсынылды.

         «Балдырған» ортаңғы тобының бастапқы жиынтығы көрсеткіштері қанағаттанарлық.Жыл бойына жоспарланған жұмыстарын тәрбиешілер  жауапкершілікпен атқарады деп сенемін.Бұл топта жас маман Аяулы Муталіп-үйренері көп, жауапкершілігі мол тәрбиеші. 2021-2022  оқу жылында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңартылған оқу бағдарламасының  балалардың жеке тұлға болып қалыптасып дамуына жаңа әдіс–тәсілдермен жетуге болады.Оқыту және оқу тәжірибесіне жету үшін тәрбиеленушілермен жеке жұмыс жасағанда,баланың неге қызығушылығының бар екенін байқап,одан әрі арттыру үшін,тікелей бақылауға аламыз. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың үнін тыңдап,ойын түрлерін дұрыс ұйымдастырып,жетелеуші сұрақтарды дұрыс қоя білгенде ғана SMART мақсатқа жетуге болады.Биылғы оқу жылында осы бағытта жұмыс ұйымдастырамыз деп мақсат қойып отырмыз.

 

         Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:

1)Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушілердің денсаулығын, психикасын, қызығушылықтарын қорғау мақсатында базистік оқу жоспарымен қамтамасыз етілген оқу жүктемесінің барынша мөлшері  сақталады.Базистік оқу жоспарының сағат саны мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сай жоспарланған.Ұйымдастырылған оқу қызметі кестесі баланың жас ерекшеліктеріне денсаулық мүмкіндіктері есебінен құрылған және балабақшадағы балалардың күнделікті өмірде өзара байланысын қамтамасыз етеді.«Көгершін» балабақшасы мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартына және балаларды тәрбиелеу мен оқытудың  психологиялық –педагогикалық негізіне қойылған талаптарға сай.

 

2)Әдістемелік жұмыстың бағыты  әдістемелік кеңес арқылы жүзеге асырылып отырады.Мемлекеттік аттестаттау барысында бейімделген бағдарламалар тексеріліп сағат сандары, бағдарламаны балалардың жас ерекшеліктеріне сай екені анықталды.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС 2-қосымшасына сәйкес туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесін игеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалауға қойылатын талаптар:

         Ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен сауалнама 2021 жылдың 27 тамызында Қамқоршылық кеңес мүшесі Уалиева Мерекенің қатысуымен өткізіліп,үш ата-ана қатысты.Сауалнаманың нәтижесінде «Денсаулық сақтау дағдылары» мазмұны бойынша  Сүгір Бақыткүл және Джумашева Айман барлық тізбеге +2 толығымен келісті,ал Қожағулова Малике  «Өмірлік маңызы бар қимылдарды өздігінен орындай алады,Салауатты өмір салты қарапайым ережелерін біледі және сақтайды,өсімдіктерге жануарларға ,жәндіктерге күтім жасай алады»тізбеге келісіп +1 ,қалған екі тізбеге толықтай келіскен.Коммуникативтік-тілдік дағдылар мазмұны бойынша Сүгір Б.барлық дағдылар тізбесіне   толығымен  келісіп (+2),Джумашева А. 6,7,9,10  дағдылар тізбесімен келісіп,8,11,12,13  дағдылар тізбесіне толығымен келіскен.Қожағулова  Малике 7,10,12,13 дағдылар тізбесімен келісіп, 6,8,9,11 толығымен келіскен. «Танымдық дағдылар» нәтижесі бойынша Сүгір Б.барлық дағдылар тізбесімен толығымен келісіп,Джумашева А. 14,15,16,17 тізбелерге келісіп,18,19,20,21 дағдылар тізбесіне толықтай келісті.

Қожағулова М.14,16,19,20 тізбелерге  толықтай келісіп,15,17,18,21 дағдылар тізбесіне келісті.

«Шығармашылық дағдылар» нәтижесінде Б.Сүгір бұл саладағы дағдылар тізбесіне толықтай келісіп, бейнелеу өнерінің түрлері ұғымдары бар тізбесімен келіскен.

Джумашева Айман музыкалық әрекет тізбесіне толықтай келісіп,қалған дағдылар тізбесіне келісті.Қожағулова Малике 22,23 дағдылар тізбесіне толықтай келісіп,қалған тізбелермен келісті.«Әлеуметтік дағдылар» нәтижесінде Сүгір Б.барлық тізбе бойынша толықтай келісті.Джумашева Айман 27,28 дағдылар тізбесі бойынша келісіп29,30,31 –не толықтай келіскен.Қожағулова Малике 27,28,29 дағдылар тізбесі бойынша келісіп 30,31 тізбелеріне толықтай келіскен.Сүгір Бақыткүл педагог,жас анабалаларымен жеке жұмысты ұйымдастырады.Қызы Жақсыбек Жанел өте салмақты,биязы мінезді болғанымен өте зерек алғыр бала.Топтың барлық іс-шараларына қатысуға ниеттеніп тұрады.Қожағулова Малике-үш баланың анасы; Баласы Медетбек Сейтахмет ақылды,белсенді,мақтауды жақсы көреді,лидер болғанын қалайды.Джумашева Айман-көп балалы ана,балалары оқуда озат.Сайлауқызы  Еркемай  ашық –жарқын мінезді, өнерге жақын,болашағынан зор үміт күтуге болады.Тәрбиеленушілердің мақтан тұтатын тұстары көп,бұл ата-ананың және балабақша педагогтарының  атқарған еңбектерінің нәтижесі.

 

         Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

1) МЖМБС мен МДТО үлгілік оқу бағдарламасында анықталған әрбір білім беру саласы және әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша жас топтары бойынша меңгеруге тиіс игеруге жататын білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің көлемін игеру:

         «Балапан»кіші  тобында.

Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып,дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру,жалпы  дамытушы жаттығуларды,қимылды ойындарды,шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайтуда балабақша педагогтары мен тәрбиешілері жұмыс атқаруда.Дене тәрбиесінің нұсқаушысы балаларды ересектермен дене жаттығуларын орындауды үйретіп,негізгі қимыл түрлерін игеруге,спорттық жаттығуларды орындауды- таңертеңгілік жаттығуларда,дене тәрбиесі оқу қызметінде жаттықтырды. Салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыруда тәрбиешілер күнделікті өмірден алынған әңгімелер,ситуацияларды қолданады.

Балабақшаның негізгі жұмыс бағытының бірі-балалардың денсаулығын сақтау және нығайту. «Денсаулық» білім саласы бойынша сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған.Жүйелі түрде: балалардың ағзаларын шынықтыру ретінде-таңертеңгі жаттығу, серуенде қимылды ойындар,оқу қызметінде-сергіту сәттері өтіледі.Топтағы сауықтыру шараларына да көңіл бөлінеді:күндізгі ұйқыдан кейін тітіркендіргіш кілемшелермен жүру релаксациялар/Хатка иога-ортаңғы топта/,тыныс алу жаттығулары,төсекте жатып орындайтын жаттығулар комплексі ұйымдастырылған.

Дене тәрбиесінің нұсқаушысы Б.Сүгір бұл салада «Спорт-сенің серігің» тақырыптық оқу қызметін өткізіп, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, меңгерулеріне жеңіл әрі тиімді болатын ойындар ұйымдастырып,шынықтырудың түрлі әдістерін пайдаланды.Мысалы: нүктелі массаж,ояну гимнастикасы,релаксация жаттығуларын жасатып балалардыңжеке гигиенасын қалыптастыруды назардан тыс қалдырған жоқ.«Қатынас» білім беру саласы сөйлеуді дамыту ,көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. Тілдік қарым –қатынас дағдыларын,сөздік қорын,әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылығын қалыптастыру.Дыбыстардың дұрыс айтылуын,байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру,халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулуарқылы жүзеге асырылады.Балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеуін дамыту үшінинновациялық әдістер мен  технологиялардың элементтерін мүмкіндігінше пайдаланып,тәрбиеленушілердің логикалық ойларын дамыту/мнемокесте  арқылы әңгіме құрауға дағдыландыру шығармашылық дағдыларын,эстетикалық талғамдарын дамытып,қалыптастыружұмыстары жүргізілді.Кіші топ тәрбиешілері А.Ерходжаева,Ұ.Хатибуллаева балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Монтессори технологиясының және «Тәй-тәй «технологиясының элементтерін мүмкіндігінше қолданды.Жас ерекшеліктеріне сәйкес «БТТШ»/ТРИЗ/технологиясының элементтерін пайдалануды  жалғастырды.Ашық көрсетілімдерде топтастыру әдісін пайдалана отырып,орталықтарға бөліп, балалардың өздері орындай алатын тапсырмалар беру арқылы дамыта оқытудың нәтижелі болуына жаңаша қарым-қатынас орната білді.Тыңдалып және айтылым дағдыларын игерген,қысқа тақпақтарды өлеңдерді жатқа біледі,саусақтар жаттығулары да бұл салаға көп көмегін тигізеді.

«Таным»білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика,құрастыру,жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту,ой-өрісін кеңейту.Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру,түрлі сенсорикалық әсерлермен байыту,қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету,табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу.«Таным» білім саласы бойынша балалардың бойына қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға жағдайлар  мүмкіншіліктер жасауды арттыруүшін, түрлі сенсорикалық әсерлермен байыту, қоршаған  табиғаттың сұлулығын серуен арқылы,өлеңдер,ән тыңдау арқылы үйрету, табиғи материалдармен жұмыс жасау бала бойындағы танымдылық  шыңдау жолдарын қарастырдық.

Күннің екінші жартысында,ұйымдастырылған оқу қызметтеріндебалаларсүреттен жануарларды тауып атайды,олардың сипаттық ерекшеліктерін атауға үйренген,құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерту және құрылыс материалдарын пішіні,көлемі бойынша топтастыра алуға үйренді..Табиғаттың маусымдық өзгерістерін атай алады.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.Балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыруда,дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетін дамытуБейнелеу өнеріне ,музыкаға ,ән айтуға,қарапайым аспаптарда ойнауға,шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудатоп тәрбиешілері әр сала бойынша жұмыста әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,бейнелеу қызметінің дәстүрлі емес әдістері /бастыру,алақан,саусақпен сүрет салу/бойынша жүйелі нәтиже қорытындысын шығарды; үлгі ,ауызша нұсқаулық бойынша тапсырмаларды орындай алу қолдың ұсақ моторикасын дамытуда жаңа технологияларының элементтерін пайдаланып, мнемокестелер кеңінен қолданылды.Қағазбен,қарындашпен,қылқаламмен,бояулармен,сазбалшықпен жұмыс жасауға дағдыланған,желімсіз жапсыру техникасын жетілдіру жұмыстарын,бейнелерді қағаз парағына толық орналастыруды,әр түрлі пішіндерді бейнелеуге үйрету арқылы тәрбиеленушілерді қызығушылығы арттырылады..Балаларды музыкалық шығармашылыққа,жақсыны сезінуге тәрбиелеу халық әндерін «Бесік жырын» «Тәй-тәй,балапан», «Қошақаным» «Айгөлек»т.б әндердітыңдату арқылы да жүргізіледі.Жыл аяғында қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер/машина,үй,қар адамы/құрастырады және орналастырады.Музыкалық шығармалардың (баяу және көңілді) әндер ажыратады,ән мағынасын түсінеді,музыкасы сипатына сәйкес қозғалады.Музыкалық аспаптарды атайды,ересектермен бірге ән айтуға ынта білдіреді.Мүсіндеу кезінде техникалық дағдыларды біледі және қолдана алады.Саз балшықпен қарапайым әдістерін меңгерген.Қағаз бетіне штрихтар мен бояулар,жақпалар сызықтар салады,қағаз бетін бағдарлай алады.Түрлі түсті қарандаштармен ,гуашьтың төрт түсімен сүрет салуды біледі.

«Балдырған» ортаңғы тобында. 

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.Денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру.Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын:ептілік,төзімділік,икемділік,шапшаңдық үйлесімділікті дамыту. Денсаулық сақтау технологиясын пайдалана отырып  балалардың қимылдық белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларының қызығушылығын қалыптастыру болғандықтан әр кезеңде өсу деңгейі байқалады. Оқу жылында балалардың қозғалыс қызметіндегі қызығушылықтарынспорттық-сауықтыру  белсенділіктерін қалыптастыру болғандықтан дене тәрбиесі нұсқаушысы Сүгір Бақыткүл осы бағытта атқарған жұмыстары оң нәтиже берді:Негізгі қимыл түрлерінің дағдыларын,мәдени гигиеналық дағдыларын,салауатты өмір салты туралы  бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Жыл соңында тәрбиеленушілер дене жаттығуларын орындай алады,бір-бірден жүріп,шашырап,шеңберге қайта тұрады,саптағы өз орнын табады. Жаттығулардың орындалу ретін сақтайды.Мәдени-гигиеналық дағдыларды орындауда дербестік танытады.

         «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны: сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет ,орыс тілі  ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып,әлеуметте қарым қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік дағдыларды дамыту болып табылады.Балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауыз екі сөйлеуін дамыту,әдеби тілде дұрыс сөйлеуді үйрету,сөз өнеріне баулу-тәрбиешілердің басты мақсаты.Ортаңғы топ тәрбиешілері Б.Сүгір,О.Жумадилова оқу қызметтеріндегі тақырыптарда ауыз екі талдау жасауды,өзінің пікірін жеткізуге сөз мағынасын толық түсінуіне және жеткізе білуіне тәрбиеленушілермен жеке жұмыс жасауды ұйымдастырып, күннің ІІ-жартысында саусақ жаттығуларын үйретіп,осы жұмыс арқылы ұсақ  моторикасын жетілдіру,сөздік қорын молайтуда  мнемокестелер арқылы жұмыстар атқарыды,театр түрлерін пайдаланып «Ертегілер елінде» жеке ертегілер желісімен сахналық қойылымдар қойып,тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлай білді.Жыл соңында:балалар сөйлеу мәнерінің тәсілдерін /сөйлеу қарқыны,интонацияны/сақтайды.Тілдегі барлық дыбыстарды анық айтады,қысқа әңгімелерді және ертегілерді мазмұндайды,заттар мен құбылыстардың белгілері мен сапасын ажыратады.Қажетті сөздермен сөз тіркестерін қолданады. Шығарма жанрларын /тақпақ,ертегі,әңгіме/ ажырата алады.Өлеңдерді эмоционалды түрде жатқа айтады.

«Таным»білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,құрастыру,жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып,интеллектуалдық қабілеттерін,логикалық ойлауын дамытужәне қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру. Көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту ТРИЗ,Деньеш технологияларының элементтерін қолдану арқылы  нәтижеге жетеді. «Қызықты математика»құралдарын,атрибуттарын пайдалана отырыпқарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру,өз ойы бойынша құрылыстарды жасауға ,оларды мазмұн бойынша біріктіруге және олармен ойнауға ынталандырады..Тірі және өлі табиғат туралы білімдерін,табиғатта өзін ұстау туралы ережелерді және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін байыту,табиғатқа сүйіспеншілікпен және ұқыпты қарауға баулы. «Таным» білім саласы бойынша бала бойындағы танымдылық шындау жолдарын қарастырып,таным қызметінің дағдыларын жақсартуда –балалардың зейінін,жадын,қабылдауын,көлемді,үлкендікті,түсті ажырата білуде  ашық оқу қызметі өтіліп,балабақша әдіскері О.Жумадилова педагогтар арасында «Оқу процесінде жаңа технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында семинар-практикум өткізіліп,кеңестер берілді.

Жыл соңында тәрбиеленушілер заттық ұғымдарды салыстыра біледі,геометриялық пішіндерді біледі,кеңістік пен уақытты бағдарлай алады,қарапайым құрылыстарды құрастыра алады.Тұған өлкенің кейбір өсімдіктерін біледі,жануарлар мен олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша атайды және ажыратады.табиғатта өзін ұстай білу ережелерін түсінеді.«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.Балалардың шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамын дамыту,бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру,шығармашылық ойлау мен қиялдауын дамыту,көзбен қол үйлесімін дамыту,қарапайым заттарды,құбылыстарды,ертегі кейіпкерлерінің пішінін,түстерін,бөліктердің орналасуын бере отырып бейнелеу біліктері мен дағдыларды қалыптастыружұмыстары жүргізілді.Өнер туындыларымен,халық ойыншықтарымен,қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолдаңбалы өнер туындыларымен таныстыруды оқу қызмет барысында жалғастырады. Жыл соңында күрделі емес сюжеттік композициялар құрастыра біледі,бормен асфальтқа ,таяқпен құмға сүрет салады.Пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген,сазбалшықпен,ермексазбен,қамырмен мүсіндеуге қызығушылық танытады.Қағаздың қасиеттері жайлы біледі/жыртылады, мыжылады. Ұқыпты жұмыс жасауға дағдыланған.,тазалық шараларын қолдана алады.Дайын пішіндерден қарапайым композицияларды құрастырады.

Музыканы тыңдау дағдысын меңгерген,би қимылдарын орындайды,балаларғаарналған музыкалық аспатарды ажыратады және атайды.Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды.-«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны қоршаған ортамен танысу,экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.Балаларда қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасын,эмоционалды елгезектік пен әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыруда оларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру арқылы,таныс заттарды ажыратуға үйрету жұмыстары жоспар бойынша жүргізіледі.Қазақстанның халық ауыз әдебиеті шығармашылығын қолдану арқылы Отанға,отбасына деген сүйіспеншілікті,ересектерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу жыл бойында ұйымдастырылған оқу әрекеттерінде,серуенде,режимдік сәттердің қолайлы кезеңдерінде жүргізіледі.

Жыл соңында отбасы мүшелері туралы әңгімелейді,оларға өзінің қарым-қатынасын білдіреді,айналасындағы заттардың міндеттерін біледі,ересектерге көмектесуге ынта білдіреді.табиғаттыңсипаттық маусымдық өзгерістерін анықтайды және атайды.Табиғат бұрышының тіршілік иелеріне қамқорлық танытады,аулада жаздың күндерінде ересектерге гүлзарларда көмектеседі.

 

2)жас кезеңіне сәйкес тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингі(қорытынды) нәтижелерінің болуы және талдау өлшемшарттардың 8-қосымшасына сәйкес толтырылған.

         2018-2019 оқу жылындағы бастапқы кезеңде кіші топта 16 бала қатысқан,орта жас (3 жастан бастап) 7 бала,ересек жас 15 бала.Барлық дағдыларды игерген 38 бала. қатыспаған 4 бала  2 жасқа толмаған.(1 жас 8 ай).Қорытынды кезеңінде барлық топта балалар саны 42,дағдыларды игерген балалар саны 42.

         2019-2020 оқу жылында кіші топта 12 бала,орта жас (3 жастан бастап) 5 бала,ересек жас 9 бала,мектеп алды жас(5 жастан бастап) 2 бала.Барлық дағдыларды игерген 28.Қатыспаған (ерте жастан) 3 бала.Қорытынды бақылау жиынтығы карантин кезінде жасалған жоқ.

         2020-2021 оқу жылындакіші жаста 12 бала,орта жас 7 бала,ересек жас 5 бала бастапқы жиынтық  бақылауға қатысты. Қатыспаған бала саны (ерте жас 1жас 8 ай ) 3 бала,.барлық дағдыларды игерген балалар саны 24 .Қорытынды жиынтық бақылауға 29 бала қатысты.барлық дағдыларды игерген бала саны 29. 1 тәрбиеленуші қоныс аударуына байланысты қатысқан жоқ.

2021-2022 оқу жылында бастапқы жиынтықты бақылауда кіші жас 15 бала,орта жас 7 бала,ересек жас 8 бала.Дағдыны игерген 29 бала.Қатыспаған 1 бала, сырқаттануына байланысты.

 

 

 

 

Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:

1) Жас кезеңдерін сақтау және топтарды бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы принцип бойынша жинақтау:

«Көгершін» балабақшасы бойынша жас кезеңдері сақталған,топтар  бірдей жас  принцип бойынша жинақталған.Кіші тобында бала саны азаюына байланысты 1 жас 8 ай балалар қабылданған.Өлшемшарттың 9 қосымшасына  сәйкес жылдар бойынша жас топтары тізімдері жасалып,көшірмесі қоса берілді.

 

5 жылға арналған даму перспективалары:

- білім беру үдерісін жаңғырту;

- педагогтарды  тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне заманауи әлеуметтік, ойындық,ақпараттық,денсаулық сақтаушы технологияларды әдістемелер бойынша еңгізу;

-балаларға арналған дамытушы аймақтарды,сондай-ақ психологиялық жеңілдету кабинетін жасау;

-жаңа спорттық жабдықтармен толықтыру,компьютерлік базаны жаңарту;

- ғылыми-оқу әдістемелік,көркем әдебиет қорын тұрақты жаңартып тұру.

 

     Кемшіліктер мен ескертулер:

         Білім беру ұйымында 2 педагог күндізгі бөлімде оқыған,қалғаны сырттай оқыған жоғары білімді мамандар.Сырттай оқыған педагогтармен жұмыс–практика жүзінде  педагогикалық шеберлігін шындауда, тәрбиеленушілермен қарым-қатынас орнатуда,әдістемелік көмекті  қажет етеді.Сол себептен қателіктер болып жатқан жағдайда оны түзеу жолдарын қарастырып жеке жұмыс жасалады.

2018-2021 жылдар арасында үш жас маман келді. 2021 жылдың жазында жас маман Мутәліп Аяулы декретке кеткен тәрбиешінің орнына келді. Тәлімгерлер нормативтік құжаттармен,әдістемелік нұсқаулықтар арқылы жұмыс ұйымдастыруды көздейді.

Кемшіліктердің бірі-зияткерлік конкурстарға және шығармашылық,көркемдік конкурспен байқауларға қатысу  ұйымдастырылмаған.Биылғы оқу жылында қолға алып балабақша әкімшілігіне  жоспар жасап,педагогтарға тапсырма берілуі  балабақша әдіскері Жумадилова Орынбасарға жүктелді.

Мекемеде ең басты мәселе-тәрбиеленушілердің контингенті.Ақбақай ауылы Мойынқұм ауданының ең шеткі нүктесі, ауылдың жағдайы жақсы емес,былтырғы жылдан бері 30 отбасы қоңыс аударды.Мектепте де,балабақшада да бала саны азаюда. Штаттық режим бойынша  25 баладан әр топқа жиналмайтыны анық.Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай топтастыру қиын.Аудандық білім бөліміне хат жазуды ұйғарып,  осы мәселені шешуді сұранып отырмыз.

Ауылымызда 47 отбасы ғана қалды,үйлер қаңырап бос тұр.Алдағы жылдарға болжам жасауда қиындық туғызып тұр.

         Қорытынды:

«Көгершін» балабақшасында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.

Педагогикалық ұжым балаларға тәрбие мен білім берудің сапасын көтеру мен жетілдіруге байланысты мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізеді.  Педагогтар аудан көлемінде ұйымдастырылып өткізілетін ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, семинарлар, тренингтер, педагогикалық кеңестерге қатысып, өз құзыреттіліктерін көтереді, өзіндік білім көтеру үрдісінде бейімделген бағдарламалар  мен қосымша білім беру бағдарламаларын қолданады. Тәрбиеленушілердің мемлекеттік білім беру стандартын игеру деңгейі бағдарламалардың барлық тараулары бойынша іске асырылуда.       Балабақшадағы психологиялық және эмоционалдық жағдайды жақсарту, денсаулықтарын нығайту мақсатында көптеген жұмыстарды ұйымдастырылады.

Мекемедегі тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналдық қызмет көрсету өз деңгейде жүргізіледі.   Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау жұмыстары жүйелі жүргізіледі, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің дамуына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.Балабақшаның оқу –тәрбие жұмыстарын атқаруға қажетті оқу-әдістемелік материалдық базасы жеткілікті жабдықталған.

Білім беру мен тәрбиенің мақсаты өз деңгейінде жүргізіледі.Педагогтар жаңа инновациялық технологиялар арқылы балаларға білім береді.Әкімшілік тарапынан функциялар дұрыс бөлінген, мекемедегі микроклимат өте жақсы.

         Балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сай екендігін көрсетті.

Өзін-өзі бағалау нәтижесінде келесі ұсыныстар енгізіледі:

-«Педагогикалық процесті ұйымдастырғанда жалпы талаптар»(Қ.Р МЖМБС – 1.001 – 2013), сонымен қатар пәндік–дамытушы ортаны ұйымдастырғанда жалпы талаптарды орындау барыстарын жалғастыру;

- Педагогтарға тәрбиеленушілердің бағалау көрсеткішін дұрыс сараптауға  кеңестер өткізу;

- Оқу іс-әрекет барысын ұйымдастыруда педаготар жаңа техногогияларды пайдалану, баланың дамуына тың мүмкіндіктер жасау;

-Көркемдік шығармашылық конкурстар мен байқауға қатысуды ұйымдастыру, тәрбиеленушілер арасында сараптама жүргізіп,жоспар жасау;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес педагог мамандарды өз уақытында бес жылда бір рет курстық дайындықтардан өткізу.

 

Комиссия төрағасы________Р.Ипбергенова

 

Комиссия мүшелері:______О.Жумадилова

______Ж.Темиралиева

______  А.Есжанова

______  А.Ерходжаева

Құрметті сайтқа келуші сңз тіркеуден өтрей кірдіңіз. Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 комментариев

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: