2024 жылдың 24 қазаны күні Мойынқұм ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің базасында "Отбасы- тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы" тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, тәлімгерлер мен педагог ұйымдастырушыларға арналған аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу. Ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығының қалыптастыру. Іс-шараға аудан мектептерінен 36 педагог қатысып, отбасындағы және мектептегі бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың ерекшеліктері туралы ой-пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.